Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданы қарқынды дамуда

Алатау ауданы қарқынды дамуда

Әлеумет 13.08.2021, 10:37 1,341
Алатау ауданы қарқынды дамуда
Сурет: Іnastana.kz

Жаңа шағынаудандар, жасыл саябақтар мен спорт алаңдары – Алматының Алатау ауданы қалай өзгеруде


Алматыдағы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы ауданда қандай тұрғын үй кешендері мен жаңа саябақтар пайда болатыны, қай аулалар мен аумақтар абаттандырылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 


А. Қалдыбеков қазіргі уақытта Алатау ауданы жаңа заманауи тұрғын үй кешендерімен белсенді түрде салынып жатқанын баса айтты. Көп пәтерлі тұрғын үй қоры 655 үйді құрайды.
 
Өткен жылы ауданы 272 мың ш.м болатын 35 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде «Алмалы» көп қабатты бес үйі, «Алатау сити» тұрғын үй кешенінің 7 үйі және 13 шағын ауданның 23 үйі. 
 
«Биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша Рахат-Мәдениет шағынауданындағы 22 үйден тұратын «Мәдениет» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуда. Жоба бойынша 44 мың ш.м тұрғын үй құрылысы қарастырылған», - деді А. Қалдыбеков.
 
2021 жылы инвестициялар есебінен «Алатау сити», «Алмалы», «Shahar City», «O-JET», «Ырысты», «Ақкент», «Северный», «Достық» сегіз тұрғын үй кешенінде 87 көп қабатты үй салынуда. Пайдалануға берілетін тұрғын үйдің ауданы 434 мың шаршы метрден асады.
 
Сондай-ақ, А. Қалдыбеков ауданды санитарлық тазарту жұмыстарын күшейту туралы айтты. Мысалы, Алатау ауданының 23 шағынауданында қоқыс шығаратын 12 кәсіпорын бар. Ауданда 45 контейнер алаңы бар, контейнерлердің жалпы саны - 180 бірлік. Күніне 1200-1300 текше метр қоқыс шығарылады.


Ауданды көгалдандыруға  жете көңіл бөлінеді, жыл басынан бері 1200-ден астам ағаш отырғызылды. Тағы 3 000 көшет күзде отырғызылады деп жоспарлануда. Жалпы, Алатау ауданда 130 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған.
 
А. Қалдыбеков әр тұрғынға өз жобаларын ұсынуға мүмкіндік беретін «Бюджетке қатысу» бағдарламасының ауданда қалай жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді.
 
2020 жылы осы бағдарлама аясында қала тұрғындарынан 99 жоба келіп түсті, оның ішінде тұрғындардың дауыс беруі бойынша биыл 1 млрд 300 млн теңгенің 31 жобасы жүзеге асады. Барлық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, олар жыл соңына дейін аяқталады.
 
Сонымен қатар, қолайлы жағдай жасау үшін Ұлжан, Шаңырақ-2, Нұркент, Алғабас шағынаудандарындағы жасыл аймаққа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
 
«Жоба аясында 2021 жылдың соңына қарай балалар мен спорт алаңдары салынады, жаяу жүргіншілерге арналған қосымша аймақтар құрылады, көшелер жарықтандырылады, демалатын орындар пайда болады», - деді аудан әкімі.
 
Ауданда 53 аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар басталды. Сонымен қатар 15 ауланы жөндеу жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алатау #аудан #қарқын #даму
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Бүгін 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Бүгін 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Бүгін 15:26

Теміртау қаласының 48 жастағы тұрғыны 13-баласын дүниеге әкелд

Бүгін 14:46

Алматыда қауіпті қалдықтар мен сирек кездесетін қайта өңделетін шикізатты жинау акциясы өтеді

Бүгін 12:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі