AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Air Astana тобы Skytrax 2026-да бірқатар беделді м...

Air Astana тобы Skytrax 2026-да бірқатар беделді марапаттарға ие болды

Әлеумет Бүгін 12:30 42
Air Astana тобы Skytrax 2026-да бірқатар беделді марапаттарға ие болды
Air Astana баспасөз қызметі

Air Astana әуе компаниясы 18 қыркүйекте Лондондағы әйгілі Langham қонақ үйінде өткен беделді World Airline Awards 2026 сыйлығында екі басты өңірлік марапатқа ие болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тасымалдаушы қатарынан 15-ші рет «Орталық Азия мен ТМД үздік әуе компаниясы» деп танылды, сондай-ақ оныншы рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік борттық қызмет көрсеткені үшін» марапатын алды. Марапатты Skytrax халықаралық әуе көлігі рейтингтік агенттігі ұйымдастырады.

Air Astana қызмет көрсету сапасы мен деңгейі бойынша өңірде көшбасшылықты ұстап тұр. World Airline Awards кезекті қос олжа Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік тасымалдаушы мәртебесін растайды, сондай-ақ тұрақты жоғары стандарттар мен қызметкерлердің жұмысы үшін жолаушылардың жоғары бағасын көрсетеді.

Топтың құрамына кіретін лоукостер FlyArystan да төртінші жыл қатарынан «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік бюджеттік әуе компаниясы» сыйлығын жеңіп алып, өзінің көшбасшылық жайғасымын растады.

Эдвард Плейстед, Skytrax бас директоры:

"Air Astana-ның World Airline Awards әлемдік сыйлығындағы табысы әуе компаниясының қызмет көрсетуі мен өнімінің ең жоғары стандарттарын көрсетеді. Жолаушылар ұсынылатын сервисті жоғары бағалайды және осы 2026 жылдың нәтижелері Air Astana бортында жоғары сапаны және жоғары стандарттардың өзгермейтіндігін қамтамасыз етуге ұмтылысын көрсетеді".

Ибрахим Жанлыел, Air Astana тобының бас атқарушы директоры:

"Беделді Skytrax марапатын Air Astana үшін де, FlyArystan үшін де алу біз үшін үлкен мәртебе. Ол жолаушыларымыздың пікірін білдіріп, өз сегменттерінде екі әуе компаниясының да мықты жайғасымын көрсететіндігімен құнды. Мен клиенттерімізге сенімі мен адалдығы үшін, ал бүкіл командаға - іске адалдығы және қауіпсіздік пен қызметтің жоғары стандарттарына ұмтылысы үшін алғыс айтамын. Air Astana тобы өз өсуінің келесі кезеңіне аяқ басады және біз қызметкерлерге, флотқа және клиенттік тәжірибеге инвестиция салуды жалғастырамыз".

1999 жылы Skytrax тағайындаған World Airline Awards сыйлығы 100-ден астам елдің жолаушылары қатысатын халықаралық сауалнама нәтижелеріне негізделеді. Сауалнама аясында 350-ден астам әуе компаниясының қызметі бағаланады. Зерттеу мен марапаттау рәсімін Skytrax толығымен өз қаражаты есебінен қаржыландырады.

Air Astana-ның соңғы жетістіктерінің қатарында APEX нұсқасы бойынша «Орталық Азиядағы үздік әуе компаниясы» атағы, сондай-ақ Pax International Readership Awards және Onboard Hospitality Awards марапаттары бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Air Astana
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алексей Луценко – Азияның ең мықты велошабандозы

Бүгін 12:45

Головкин велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтады

Бүгін 12:40

Санжар Әділов ММА-дан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді

Бүгін 12:27

АЭС электр энергиясынан басқа не береді?

Бүгін 12:17

1 қазаннан бастап маңдайшаларды ілудің жаңа тәртібі енгізіледі

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);