Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Air Astana мерейтойлық жылдың нәтижелері мен 2023...

Air Astana мерейтойлық жылдың нәтижелері мен 2023 жылға арналған жоспарларымен бөлісті

Әлеумет 15.12.2022, 10:14 1,313
Air Astana мерейтойлық жылдың нәтижелері мен 2023 жылға арналған жоспарларымен бөлісті

14 желтоқсанда 2022 жылы Астанада өзінің меншікті авиациялық-техникалық орталығында Air Astana әуекомпаниялар тобы 2022 жылғы операциялық қызметінің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Air Astana әуепаркі биыл үш Airbus A321LR ұшағымен толықты. Ең жаңа 10-шы A321LR бүгін түнде тікелей Гамбург зауытынан келді. FlyArystan сонымен қатар өз паркін үш Airbus A320 ұшаққа көбейтті және жыл соңына дейін тағы бір Airbus A320neo ұшағы келмек. Бүгін әуекомпаниялар тобының паркінде жалпы 42 ұшақ бар. Олардың орташа жасы 5 жыл, бұл әлемдегі ең жаңа флоттарының бірі. Келесі жылы Air Astana компаниялар тобының паркі алты ұшаққа ұлғаюы жоспарланып жатыр.



Биыл Air Lease корпорациясымен 2025 жылдан бастап операциялық лизингке үш жаңа кең фюзеляжды Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын жеткізу туралы келісімге қол қойылған.


Бүгінгі таңда Air Astana әуекомпаниясының маршруттық желісі 42 бағытты (27 халықаралық және 15 ішкі), FlyArystan-ның - 34 бағытты (8 халықаралық және 26 ішкі) қамтиды. Air Astana биыл Ираклион мен Бодрумға жаңа тұрақты рейстерді ашты, сонымен қатар Алматыдан Бангкок пен Бейжіңге рейстерді жандандырды. FlyArystan Ақтаудан Баку мен Ыстамбұлға рейстерді іске қосып, Шымкент-Кутаиси, Ақтау-Дубай және Шымкент-Дубай рейстерін қалпына келтірді. Келесі жылы Air Astana әуекомпаниясы Медина мен Тель-Авивке рейстерді ашуды жоспарлап отыр.



«Биыл мерейтойлық жылы Air Astana әуекомпаниясы FlyArystan-ға тиесілі екі Airbus A320 ұшағына C2-чек техникалық қызмет көрсетудің тереңдетілген түрін өздігінен орындады. Біз 10-шы рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік әуекомпания» номинациясы бойынша беделді Skytrax сыйлығына ие болдық, бұл жоғары сапа стандарттарына адал екенімізді дәлелдеді. Біз бетпе-бет келген жаһандық және жергілікті қиындықтарға қарамастан, жаңа жетістіктердің негізін қалап, аймақтық және халықаралық нарықтарда өз орнымызды нығайта алдық. Біздің паркке Airbus A321LR және Boeing 787 сияқты озық ұшақтары қосылуымен болашағымыз зор болатынына кәміл сенеміз. Мұның бәрі қызметкерлеріміздің кәсібилігісіз және тұтынушылардың қолдауысыз мүмкін болмас еді. 20 жыл бойы бізді таңдағандарыңыз үшін рақмет», - деді Air Astana тобының президенті Питер Фостер.



Әуе компаниясы алдағы уақытта да кадрларды іріктеу мен оқытуға үлкен көңіл бөлетін болады. Әуе тасымалдаушы ұшқыштар  мен бортсеріктерге мұқтаж. Экипажды өздігінен дайындау мақсатында Қазақстанда алғаш рет Астанада толық ұшу тренажерымен, сондай-ақ Airbus A320 апаттық-құтқару рәсімдерін жаттықтыруға арналған тренажерымен жабдықталған оқу орталығын 2023 жылғы екінші жартысында іске қосуы жоспарланып жатыр.


Сондай-ақ, 2023 жылдың басында 7 мен 17 жас аралығындағы дарынды балаларға арналған жолақы грантының әлеуметтік бағдарламасын іске қосуы жоспарлануда. Бағдарлама бойынша балаларға және оларды алып жүрушілерге Қазақстанда және шетелде өтетін түрлі байқаулар мен жарыстарға қатысу үшін тегін билеттер беріледі. Бағдарламаның мерзімі мен шарттары кейінірек хабарланады.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #эйрастана #жоспарлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Трамп Ирандағы әскери операция қашан аяқталатынын айтты

Бүгін 09:04

Ақмола облысында отбасының көлігі батпаққа батып, жолда қалған

Бүгін 08:46

Жаңбыр мен тұман: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Кеше 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика