конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аида Балаева: Мемлекеттік тілге қоғамның сұранысы...

Аида Балаева: Мемлекеттік тілге қоғамның сұранысы артып келеді

Әлеумет 21.10.2021, 10:21 1,350
Аида Балаева: Мемлекеттік тілге қоғамның сұранысы артып келеді
Inform.kz

Мемлекеттік тілге деген қоғамның сұранысы артып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының мақсатын түсіндіру кезінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Министрдің айтуынша, бірінші бағыт - Елбасының бағдарламалық мақаласында қамтылған идеялардың «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ары қарай ілгерілету. Осы орайда мемлдекеттік тілді дамыту міндеті жекелей белгіленген.



«Жалпы, осы блок бойынша 38 жоба жоспарланған. Олардың түпкі мақсаты - ұлттың шығармашылық әрі зияткерлік әлеуетін қолдау мен дамыту. Бұл бағыттың екінші маңызды міндеті – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Өйткені, «ұлтты сақтау» дегеніміздің өзі тілді сақтап, дамыту екені белгілі. Мемлекет басшысының қазақ тілінің болашақта ұлтаралық тілге айналатынына сенім білдіргенін білесіздер. Оған бүгінде барлық негіз бар. Мемлекеттік тілге деген қоғамның сұранысы артып келеді. Бұл – уақыт талабы», - деді А. Балаева.



Осы орайда ол бұл мәселеде бірқатар ауқымды жоба қарастырылып отырғанын жеткізді.



«Атап айтқанда, мемлекеттік тілді оқыту бойынша инновациялық ІТ-өнімдер әзірлеу, танымал анимациялық және танымдық арналарды қазақшалау, орта білім берудің тілге қатысты бағдарламаларына өзгерістер енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін қазақ тіліндегі оқулықтар әзірлеу сияқты жүйелі іс-шаралар бар. Бір сөзбен айтқанда, мақсатымыз – қоғамдағы қазақтілді ортаны барынша кеңейту, оны тұрмыста ғана емес, ғылым мен білімнің, бизнес пен әлеуметтің тіліне айналдыру», - деді министр.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттіктіл #Ақпарат #минитср
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы шетелдермен мәдени ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Бүгін 17:16

22 мыңнан астам талапкер Абай университетін таңдады

Бүгін 16:49

Алматыда жыл басынан бері балабақшаларда 3,6 мыңнан астам жаңа орын ашылды

Бүгін 16:38

Алматының Жетісу ауданы тұрғындарға жайлы бола түсті

Бүгін 16:28

Алматыда бірқатар жер учаскесіне қатысты мәлімет өзгертілді

Бүгін 16:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);