конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Абылай Мырзахметов қанша жылға сотталды?

Абылай Мырзахметов қанша жылға сотталды?

Әлеумет 14.05.2024, 09:32 716
Абылай Мырзахметов қанша жылға сотталды?
atameken.kz

13 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Сотта Мырзахметовтың 2022 жылы мамыр айынан қазанға дейінгі аралықта Б.-ға ағасын қамаудан босату және оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату мәселесін шешуге мүмкіндігінің бар екендігін айтқаны анықталды. Ол ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы бұл мәселе шешілетінін жеткізген. Ақырында алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы алаяқтық жолмен формальды түрде қарыз шарттарын ресімдей отырып, Б.-ның аса ірі мөлшерде 13,9 млрд теңгесін жымқырған.

Сотталушы кінәсін мойындап, әділ жаза тағайындауды сұрады.

"Сот үкімімен Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жазды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Сот ҚР ҚК-нің 49-бабының 2-бөлігі негізінде ҚР Президентіне Мырзахметовты "Құрмет" және 3-дәрежелі "Барыс" ордені сынды мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

Мырзахметовтың мүлкіне салынған тыйым өз күшінде қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#абылайхан көшесі #сот #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оқушыға баға қоюдың жаңа тәртібі енгізіледі

Бүгін 16:10

Алматыда сайлау күні жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі

Бүгін 15:33

Карина Абдуллина қазақстандықтарды Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Бүгін 15:30

Роза Рымбаева қазақстандықтарға маңызды күнді еске салды: «Әр дауыстың маңызы бар»

Бүгін 15:26

Ипотека рәсімдеудің қосымша қандай шығындары бар?

Бүгін 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);