AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 76-Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

76-Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Әлеумет 29.05.2023, 05:31 1,366
76-Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
Сурет: ашық дереккөз

Франция 76-Канн кинофестивалінің жеңімпаздарын жариялады. «Алтын пальма бұтағы» мен фестивальдің Гран-при жүлдесін Франция мен Ұлыбританияның режиссерлері алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Massaget.kz мәліметі бойынша, «Алтын пальма бұтағы» француз режиссері Жюстин Триеге «Құлау траекториясы» (фр. Anatomie d'une chute) триллері үшін берілді. Фильм күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген неміс жазушысы және ерлі-зайыптылардың соқыр ұлы іс бойынша жалғыз куәгер екендігі туралы баяндайды.


Трие Каннға 2019 жылы да қатысқан. Оның «Азғыру» фильмі бас сыйлыққа ұсынылған болатын. Бірақ сол жылы кинофестиваль жүлдесі оңтүстік кореялық режиссер По Джун Хоның «Паразиттер» фильміне берілген еді.


Фестивальдің Гран-при жүлдесі британдық режиссер Джонатан Глейзерге «Қызығушылық аймағы» (ағ. The Zone of interest) драмасы үшін берілді. Бұл фильм британдық жазушы Мартин Амистің Освенцим концлагері комендантының өз лауазымынан жеке басына пайдаланатыны туралы романының негізінде түсірілген.


Француз режиссері Чан Ан Хунг Канндағы ең үздік режиссер атанды.


Нури Билге Джейланның «Құрғақ шөп туралы» (түр. Kuru Otlar Üstüne) фильмінде басты рөлді сомдаған түрік актрисасы Мерве Диздар «Үздік актриса» жүлдесін жеңіп алды.


Үздік сценарий үшін сыйлық «Монстр» драмасын таспалауға қатысқан жапон драматургі Юдзи Сакамотоға бұйырды.


Қазылар алқасының жеке жүлдесі фин режиссері Аки Каурисмякиге «Түскен жапырақтар» ( (Kuolleet lehdet) фильмі үшін табыс етілсе, вьетнамдық режиссер Тхиен Ан Фам түсірген «Сары кокон ішінде»  (L'arbre aux papillons d'or) туындысы үздік дебют деп танылды.


Жапондық Коджи Якусе әйгілі неміс режиссерлерінің бірі Вим Вендерстің жаңа фильмі - «Әдемі күндер» фильміндегі рөлі үшін Канндағы «Үздік актер» жүлдесін жеңіп алды. Токиода орын алған фильм әртүрлі жағдайларға қарамастан өз өміріне қанағаттанған Хираяма есімді дәретхана жуушы (Ролында Кодзи Якусе) туралы баяндайды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Франция #Канн #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 14:45

«Eco Almaty» экология және ауа сапасы туралы танымдық бейнероликтер топтамасын ұсынды

Бүгін 14:08

Алексей Луценко – Азияның ең мықты велошабандозы

Бүгін 12:45

Головкин велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасын құттықтады

Бүгін 12:40

Air Astana тобы Skytrax 2026-да бірқатар беделді марапаттарға ие болды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);