AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 70 мың қазақстандықтың пәтерақысын төлеуге мемлеке...

70 мың қазақстандықтың пәтерақысын төлеуге мемлекет көмектеседі

Әлеумет 10.02.2023, 07:55 940
70 мың қазақстандықтың пәтерақысын төлеуге мемлекет көмектеседі
Сурет: Advgazeta.ru

Биыл бұл мақсатқа 50 млрд теңге бөлінеді.


Мемлекет жалгерлік ақының 50%-ын бюджет ақшасы есебінен өтейді, қалған жартысын отбасы өз қалтасынан төлейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, биыл тұрғын үйдің жалға алу ақысын субсидиялау тетігімен 70 мыңға жуық қазақстандық қамтылады.


Елімізде жеке тұрғын үй қорындағы баспананың жалға алу ақысын субсидиялау тетігі іске асырылып жатыр.



"2023 жылы бұл мақсатқа 50 млрд теңге бөлінбек. Субсидиялау бағдарламасымен 70 мыңға жуық адам қамтылады. Мемлекет осы азаматтар жалға алған үйдің жалгерлік ақысының 50%-ын төлейді", - делінген хабарламада.



Бағдарламаға қатысу үшін қазақстандық Otbasybank.kz платформасында өтініш жіберуі керек. Субсидиялауға өтініштер электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қабылданады.


Азаматтар жалға берілетін тұрғын үйді өздері іздеп, таңдайды. "Отбасы банк" тұрғын үйді жалға алу бойынша субсидияларды жалдау шартының қолданылу мерзімі мен төлемдердің кестесіне сәйкес ай сайын төлейді.


Жалға алу төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға 4 санатқа сәйкес тұрғын үйге кезегінде тұрған азаматтар, атап айтқанда, I және II топтағы мүгедектер, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар және көп балалы отбасылар үміткер бола алады.


Бұл ретте үміткер отбасылардың кейінгі 6 айдағы орташа айлық жиынтық табысының мөлшері жанұяның әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс.



"Отбасы банк субсидия алушылардың сәйкестігіне мониторинг жүргізіп, сондай-ақ ай сайын төлем тәртібін қадағалайды. Ал жергілікті әкімдіктер кемінде тоқсанына бір рет жалға берілетін тұрғын үйді тексереді", - деді министрліктегілер.



Бұл ретте жақын туыстарынан, бұрын некеде тұрған жұбайынан және ерлі-зайыптылардың туыстарынан тұрғын үйді жалға алуға, сондай-ақ аталған баспананы қайта жалдауға өткізуге тыйым салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пәтерақы #Аренда #Субсидия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Астана алаңында Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өтеді

Бүгін 10:14

Алматыдағы балалар колониясына Адам құқықтары жөніндегі омбудсмен келді

Бүгін 09:53

Алматыдан Прагаға тікелей рейс ашылады

Бүгін 09:32

Қазгидромет 8 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 08:56

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады

Бүгін 08:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика