AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / 600 мың көп балалы ана, мыңға жуық декреттегі әке:...

600 мың көп балалы ана, мыңға жуық декреттегі әке: Қазақстан қанша жәрдемақы жұмсайды?

Мұны білген жөн 30.05.2025, 12:36 889
600 мың көп балалы ана, мыңға жуық декреттегі әке: Қазақстан қанша жәрдемақы жұмсайды?
Сурет: ЖИ

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға және босану, бала күтіміне байланысты табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттен берілетін әлеуметтік төлемдер көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл – бір жағынан әлеуметтік қолдау жүйесінің кеңейіп келе жатқанын, екінші жағынан елімізде мұндай көмекке мұқтаж отбасылардың саны азаймай отырғанын көрсетеді. Аqshamnews.kz тілшісі материалда декреттегі аналар мен әкелердің және көп балалы аналарға берілетін көмек туралы тың деректерді тарқатады. 

Көпбалалы отбасылар саны - 600 мыңнан асты

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі (ЕХӘҚ - еск.) еліміздегі көп балалы отбаслардың санын ұсынды. Олар Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 90-бабына сәйкес, бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар, сонымен қатар 23 жасқа дейін күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасыларға республикалық бюджет есебінен арнайы жәрдемақы төленетінін айтты. Бұл жүйе 2020 жылдан бастап енгізіліп, жәрдемақы мөлшері бала санына қарай сараланып есептеледі.

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны 611,5 мың отбасы алып отыр. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен (252,1 мың) салыстырғанда 2,3 есеге артық. Жылдар бойынша динамика мынадай:

инфографика: aqshamnews.kz

Бұл өсім, бір жағынан, жәрдемақы беру жүйесінің жеңілдеуімен және ресімдеу механизмдерінің жеңілдетілуімен байланысты. Дегенмен бұл елдегі демографиялық өзгерістер мен әлеуметтік жағдайдың да көрсеткіші.

Жәрдемақының орташа мөлшері неше теңге?

ЕХӘҚ берген мәліметке сенсек, 2025 жылдың алғашқы төрт айында жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылғаны үшін 81,8 мың адам әлеуметтік төлем алған. Бұл төлемдердің орташа мөлшері – 1 690 493 теңге.

Сонымен қатар, бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімге байланысты табысынан айырылғаны үшін 489,1 мың адам жәрдемақы алған. Бұл санаттағы төлемнің орташа мөлшері 85 221 теңге.

Декреттегі әкелер саны қанша?

Аталған төлем алушылардың 99,8%-ын әйелдер құрайды. Яғни, бұл санатта 488 230 әйел және небәрі 863 ер адам ғана бар. Бұл гендерлік теңсіздікті емес, көбіне бала күтімімен үйде аналардың қалатынын, ал әкелердің еңбек нарығынан шықпайтынын көрсетеді.

Еске салайық, бұған дейін декретке шыққан қазақстандық әкенің әңгімесін жариялаған болатынбыз. Ол өзінің декреттегі өмірін әңгімелеп, бұл шешімге қалай келгенін айтып берген еді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отбасы #Көп балалы ана #декреттегі әке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Кеше 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Кеше 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Кеше 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Кеше 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Кеше 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика