AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 55-тен асқан шопандарға әлеуметтік көмек беріледі

55-тен асқан шопандарға әлеуметтік көмек беріледі

Әлеумет 19.01.2026, 15:43 532 yakiya
55-тен асқан шопандарға әлеуметтік көмек беріледі
сурет: freepik.com

Үкіметтің 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарында шалғайда еңбек ететін шопандар мен бақташыларға әлеуметтік кепілдіктер беру мәселесіне ерекше мән берілген, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жоспарға сәйкес, мал шаруашылығы қызметкерлері, соның ішінде шопандар мен бақташылар 55 жасқа толғаннан кейін арнайы әлеуметтік төлем алу құқығына ие болады. Бұл бастама ауыр әрі тұрақсыз еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар, мал шаруашылығы мамандары үшін тұрғын үй салу, кадр тапшылығын азайту және ауылда еңбек етуге ынталандыру шаралары қарастырылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, мал шаруашылығы бүгінде еліміздің агроөнеркәсіп саласының 39 пайызын құрайды. Алайда жыл сайынғы өсім 2–3 пайыз деңгейінде қалып, саланың әлеуеті толық ашылмай отыр.

Осыған байланысты Үкімет мал басын айтарлықтай арттыруды көздеп отыр. Алдағы бес жылда:

ірі қара саны 7,9 млн-нан 12 млн басқа,

ұсақ мал 20,2 млн-нан 28 млн басқа дейін ұлғаймақ.

Ет өндірісін 1,8 млн тоннаға жеткізіп, экспорт көлемін екі есе арттыру жоспарланған.

Шалғайдағы шаруашылықтарды қолдау үшін жылдық 6 пайызбен 50 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие беріледі. Бұл қаражат жайылым инфрақұрылымын дамытуға және мал өсірумен айналысатын ауыл тұрғындарын қолдауға бағытталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шопан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы академиктерінің қатары толықты

Бүгін 19:34

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен халықаралық робототехника турнирлерінде ірі жеңістерге қол жеткізді

Бүгін 19:32

Қазақстан халықаралық турнирлерде үш медаль жеңіп алды

Бүгін 19:27

Қазақстан боксшылары Венгрияда 15 медаль алды

Бүгін 19:25

«Аналитикалық ойлауды дамыту»: Алматыда «Аналитика мектебі» білім беру жобасының үшінші аптасы өтті

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);