AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 31 қоғамдық кеңістік, 16 аула және Қарасу көлі .....

31 қоғамдық кеңістік, 16 аула және Қарасу көлі ...

Әлеумет 24.06.2025, 17:00 1,458
 31 қоғамдық кеңістік, 16 аула және Қарасу көлі ...
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласының Алатау ауданында жыл соңына дейін 31 қоғамдық кеңістік, 16 аула және Қарасу көлі абаттандырылады

Алатау ауданында тұрғындар үшін жайлы қалалық орта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімі Талғат Малыбаев Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мен дамыту – ауданның басым бағытының бірі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Өткен жылы Қарасу шағынауданында 10 гектардан астам аумақта сквер мен жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды. Онда шағын архитектуралық формалар, жаңа көше жиһаздары, демалуға арналған орындар орнатылып, жарықтандыру және көгалдандыру жүргізілді. Жобаның жалпы құны 760 млн теңгені құрады. Мысалы, «Дарабоз» шағынауданында мешіт маңында 6,2 га аумақты қамтитын саябақ салынды. 2024 жылдың қыркүйегінде Боралдай өзенінің 24 гектарлық жағалауын абаттандыру жұмыстары аяқталды. 2025 жылдың қыркүйегінде Өжет шағынауданындағы (16 га) тоғанды көгалдандыру, спорт және балалар алаңымен қамту жобасы аяқталмақ. Бұдан бөлек, 2023 жылы жөндеу аясында 6 қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 2 автоматты суару жүйесі орнатылған.. Жобаның жалпы құны – 2,6 млрд теңге.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2024 жылы 2,5 млрд теңгеге 45 жоба жүзеге асырылды: 24 қоғамдық кеңістік, 10 аула, 5 жарықтандыру жобасы және 2 жер учаскесіне автосуару жүйесі орнатылды. Биыл тағы 2,5 млрд теңге бөлініп, тұрғындар ұсынған 570 ұсыныстың ішінен іріктелген 50 жобаны іске асыру жоспарланған.

2025 жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін 31 қоғамдық кеңістік, 16 аула аумағы, 3 көше жарығын жаңарту жобасы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, маусым-қыркүйек аралығында 12 гектарды қамтитын Қарасу көлі мен Момышұлы көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2025 жылы Рысқұлов даңғылы мен Сағи Ашимов көшесі қиылысында жаңа сквер, сондай-ақ Райымбек пен Рысқұлов даңғылдарының арасындағы Үлкен Алматы арнасы бойында жасыл аймақтың құрылысы басталады. Құрылыс-монтаж жұмыстары шілдеде басталып, жыл соңына дейін аяқталады.

«Мақсат – тек аумақты жаңарту емес, адамдар қайта-қайта келгісі келетін, барлық буын өкілдеріне жайлы болатын кеңістіктер құру», – деп атап өтті Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #аула
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Қазақстанның атом саласының ардагерлері мен мамандарына құрмет көрсетілді

Бүгін 10:25

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Кеше 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Кеше 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Кеше 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Кеше 17:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);