AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 22 сәуір - еліміздің Әскери полициясы құрылған күн

22 сәуір - еліміздің Әскери полициясы құрылған күн

Әлеумет 22.04.2025, 14:11 919 dulatbekova
22 сәуір - еліміздің Әскери полициясы құрылған күн
Сурет: Қорғаныс министрлігі

ҚР Қарулы күштері Әскери полиция органдарының құрылуы 1997 жылғы 22 сәуірде «Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығына қол қоюмен байланысты.

Қарулы күштер құқық қорғау құрылымының қағидаттары, міндеттері мен жүйесі, құқықтық негіздері, «Әскери полиция органдары туралы» ҚР Заңында бекітілген. 2023 жылғы 14 наурыздағы заңның жаңа редакциясы оның өкілеттіктерін кеңейтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Әскери полиция органдарына әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруда ведомстволық бақылау функциясы берілді. Сол сияқты әскери полиция органдарының әскери қызметшілерін әлеуметтік және құқықтық қорғау және кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне де толықтырулар енгізілді.

Әскери полиция ұйымдық тұрғыдан Қарулы күштердің құрамына кіреді. Бүгінде оның құрылымына қылмысты азайтуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және әскери қызметшілердің құқықтық деңгейін арттыруға бағытталған жаңа бөлімшелер енгізілген. Әскери полиция құрамындағы кинологиялық қызмет те оның жұмысына айтарлықтай үлес қосып келеді.

«Өміріңді сақта» ведомствоаралық бағдарламасына сәйкес әскери полицияның әскери қызметшілері құқықтық тәртіп пен ішкі тәртіпті қолдауға, қару мен оқ-дәрілерді сақтауға, қауіпсіздік шараларын орындауға және ЖКО алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асырады. Әскери бөлімдерде құқық бұзушылықтарды азайту үшін тәулік бойы арнайы алдын алу кабинеттері жұмыс істейді.

2019 жылдан бастап әскери полиция органдары БҰҰ қолдауымен бітімгерлік миссияларға ұдайы қатысып келеді. Мемлекеттік күзет қызметімен және ІІМ-мен ынтымақтастықта әскери полицияның әскери қызметшілері ШЫҰ саммиттерінің, ҰҚШҰ-ның және басқа да халықаралық форумдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.

Тәжірибе алмасу және қызметтік модельдерді зерттеу мақсатында АҚШ, Ресей, Әзербайжан және Армениядан келген әріптестерімен кездесулер өткізіледі.

Кәсіби дайындалған мамандармен жасақталған, заманауи қару-жарақ пен техникамен жарақталған әскери полиция елдің қорғанысы мен қауіпсіздік жүйесінде тәртіп пен заңдылықты сақтауда шешуші рөл атқарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әскери полиция #құрылған күн #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);