Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2028 жылға қарай 3,6 млн «ақылды» су есептегіштер...

2028 жылға қарай 3,6 млн «ақылды» су есептегіштер қолданысқа беріледі

Әлеумет 13.01.2026, 10:40 318
2028 жылға қарай 3,6 млн «ақылды» су есептегіштер қолданысқа беріледі
Сурет: depositphotos.com

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкеновтің айтуынша, сол себепті де байланыс арналары арқылы көрсеткіштерді автоматты түрде жинауға арналған телеметрия технологиясы бар автоматтандыру жүйелеріне (ТП АБЖ) және есепке алу аспаптарына қойылатын талаптарды стандарттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ұлттық жоба аясында су арналары кәсіпорындарының процестерін кезең-кезеңімен автоматтандыру көзделген.

2026-2028 жылдары 3,6 млн-нан астам «ақылды» су есептеу құрылғыларын орнату жоспарлануда, бұл су шығындарын айтарлықтай оңтайландыруға және жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Отандық және халықаралық сарапшылармен бірге Астана, Шымкент, Орал, Екібастұз және Шахтинск сынды 5 қаладағы су арналары қызметінің жұмысын бағалау жүргізілді. Оның нәтижесінде процестерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар дайындалды, біртұтас цифрлық шешімдерді және кезең-кезеңімен енгізуді қарастыратын техникалық-экономикалық негіздемені дайындау үшін техникалық тапсырма әзірленді.

Сумен жабдықтау аспаптарын орнату бойынша өтінімдерді қалыптастыру мақсатында әкімдіктер мен табиғи монополия субъектілерімен жұмыс жүргізілуде, — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Мемлекет басшысысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауының аясында су секторына халықаралық тәжірибе мен біліктілікті тартуды туралы міндет қойылған болатын. Осы мақсатта былтыр ірі халықаралық желілік операторлар – Veolia, Suez және Aqualia компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Мұндағы формат активтерді беру емес, мемлекет бақылауын сақтай отырып, басқарушылық құзіреттер мен халықаралық үздік тәжірибелерді енгізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта еліміздің су инфрақұрылымын басқарудағы тәжірибесі мен құзыреттілігін кеңейту үшін бірнеше азиялық компаниялармен келіссөздер жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су есептеу құрылғылары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі