Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2026 жылы елімізде қандай жаңа әуежайлар мен рейст...

2026 жылы елімізде қандай жаңа әуежайлар мен рейстер пайда болады?

Әлеумет 01.01.2026, 11:12 400
2026 жылы елімізде қандай жаңа әуежайлар мен рейстер пайда болады?
Сурет: Gov.kz

Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, оны ішінде Көлік министрлігі 2026 жылы азаматтық авиация саласында авиациялық хабтарды дамыту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту бағытындағы жұмысын жалғастырады.

ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева жұмыстың негізгі бағыттары туралы баяндады,- деп хабарлайды Үкіметтің Telegram каналына сілтеме жасап.

Осы ретте еліміздің ірі авиациялық тораптарында инфрақұрылымдық жобалар кешенін іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Астана және Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы басталады, Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалы қайта жаңғыртылады, сондай-ақ Ақтау әуежайының перронына күрделі жөндеу жүргізіледі, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар өңірлік жобалар да жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде: 

  • Атырау әуежайының жаңа терминалын салу,
  • Павлодар әуежайын реконструкциялау,
  • Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлар құрылысын аяқтау,
  • Арқалық әуежайын қалпына келтіру. 

 Инфрақұрылымды жаңғырту шеңберінде әуежайларда JetA-1 авиаотын сақтау және құю жүйелері жаңартылады. Бұл авиакомпанияларды отынмен қамтамасыз ету мен қызмет көрсету сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың соңына дейін әуе компаниялары 9 жаңа әуе кемесін сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл әуе паркін шамамен 118 бірлікке дейін ұлғайтып, әуе тасымалдарының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Өңірлердің көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету және туризмді дамыту мақсатында әлеуметтік маңызы бар 23 әуе бағыты бойынша субсидиялау бағдарламасы жалғасын табады, - деп түсіндірді Салтанат Томпиева. 

 Сонымен қатар 2026 жылы халықаралық әуе қатынасын дамыту жұмыстары жалғасады. Халықаралық жаңа әуе бағыттарын ашу және бұрын тоқтатылған рейстерді жандандыру, сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер жиілігін арттыру жоспарланып отыр. 

Бағыттар желісін Орталық Азия мен ТМД елдеріне, сондай-ақ Таяу Шығыс, Еуропа және Азия мемлекеттеріне кеңейту көзделген. Атап айтқанда, Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Әр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімші, Қашғар, Варшава және басқа да бағыттар бойынша рейстер ашу жоспарлануда. 

Сала кадрларын даярлау жүйесін реформалау жұмыстары жалғасады, жаңа авиациялық оқу орталығын құру мәселесі пысықталады, сондай-ақ азаматтық авиацияда цифрлық шешімдерді енгізу, паспорттық бақылау, e-Freight жүйесі және басқа да жүйелер автоматтандырылады.

Сонымен қатар 2026 жылы ICAO-мен бірлесе азаматтық авиацияның Бас жоспары әзірленіп, саланы 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы дайындалады. Жалпы алғанда, аталған міндеттер кешенді және жүйелі сипатқа ие болып, қазіргі инфрақұрылымдық және реттеуші мәселелерді шешуге, сондай-ақ саланың ұзақ мерзімді дамуы үшін тұрақты жағдай қалыптастыруға бағытталған. Олардың жүзеге асуы әуе тасымалдарының сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, ұшу қауіпсіздігін күшейтуге және Қазақстанның аймақтық және халықаралық авиациялық жүйедегі рөлін нығайтуға мүмкіндік береді, - деп қорытындылады сөзін ААК төрағасы.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #2026 жыл #әуежайлар #рейстер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика