Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / 2026 жылғы атаулы даталар: мерейтойлар, тұлға туға...

2026 жылғы атаулы даталар: мерейтойлар, тұлға туған күндері

Мұны білген жөн 27.01.2026, 09:36 1,061
2026 жылғы атаулы даталар: мерейтойлар, тұлға туған күндері
Сурет: ашық дереккөз

2026 жылдың желтоқсанында Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 35 жыл толады. Сонымен бірге биылғы жыл Желтоқсан көтерілісінің 40 жылдығымен де ерекшеленбек. Бұдан бөлек, ел тарихында ізі қалған бірқатар тұлғаның мерейтойы да 2026 жылға сәйкес келіп отыр. Толығырақ Аqshamnews.kz тілшісінің материалында. 

Ұлт ағартушысы – Ыбырай Алтынсаринге 185 жыл

Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай өңірінде дүниеге келген. Ол өмірін қазақ баласын оқытуға, мектеп ашуға арнады. Торғайдағы алғашқы мектеп 1874 жылы ашылып, 14 бала қабылдаған. Алтынсарин қыз балалардың білім алуына да ерекше көңіл бөлді: 1887 жылы Ырғыз қыздар училищесінің негізін қалап, 1888 жылы интернат ашты.

1879 жылы қазақ мектептеріне арналған тұңғыш оқулықтарының бірі – «Қазақ хрестоматиясы» жарық көрді. Ол жердегі өлеңі оқушылардың ұранына айналды:

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 шілдеде дүниеден өтті.

Мұзбалақ ақын Мұқағалидың туғанына 95 жыл

2026 жылы 9 ақпанда қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толады. Жыр сүйер қауым оны «мұзбалақ ақын» деп ардақтайды. Ақынның лирикасы махаббат, адам жаны, туған жер мен ұлт тағдыры секілді мәңгілік тақырыптарды терең сезіммен өрнектейді.

Сахна саңлағы Меруерт Өтекешова 75 жасқа толады

2026 жылы 25 ақпанда Қазақстанның белгілі актрисасы Меруерт Өтекешова 75 жасқа толады. Ол қазақ киносы мен театр өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар өнер иесі ретінде көпшілікке кеңінен танымал. Актрисаны жұрт "Қыз Жібек" фильміндегі образымен ерекше жаттап алды. 

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы

"ХХ ғасыр Гомері" атанған Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл тауының етегінде туған. Жасынан айтыс өнерімен танылған ақын Сүйінбайдан бата алғаны белгілі. Жамбыл 1945 жылы 99 жасында Алматы облысында қайтыс болды. Биыл оның туғанына 180 жыл толады. 

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханға 160 жыл

Әлихан Бөкейхан 1866 жылы 5 наурызда Қарқаралы уезінде дүниеге келген. Ол 1917 жылы қазақтың тұңғыш саяси ұйымы – Алаш партиясын ұйымдастыруға белсене атсалысып, Қазақ автономиясы жарияланған тұста алғашқы төраға ретінде сайланды. 1937 жылы Мәскеуде жалған айыппен атылды.

Композитор Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы

Қазақстанның халық әртісі, композитор, музыка зерттеушісі Ахмет Жұбанов 1906 жылы Ақтөбе өңірінде туған. 1934 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің құрылуына ұйытқы болып, оның алғашқы дирижері әрі көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. 1968 жылы Алматыда өмірден өтті.

Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығы

Ақын, көптеген танымал ән мәтіндерінің авторы Бәкір Тәжібаев 1926 жылы Ақтөбе облысында туған. Оның «Әлия», «Ақбұлақ», «Гүлсің-ау», «Жас дәурен», «Аппағым», «Іңкәрім» секілді әндері халық арасында кең тараған. Ақын 1994 жылы Алматыда дүниеден өтті.

Ермек Серкебаевқа 100 жыл

Опера әншісі, педагог Ермек Серкебаев 1926 жылы Петропавлда туған. Ол өнер жолында қазақ музыкасын кеңінен танытып, бірнеше буын шәкірт тәрбиеледі. Ермек Серкебаев 2013 жылы Алматыда қайтыс болып, Кеңсайға жерленген.

Қазақ киносының құлагері – Абдолла Қарсақбаевқа 100 жыл

Кинорежиссер Абдолла Қарсақбаев 1926 жылы 2 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Ол Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бойынша әйгілі фильм түсіріп, қазақ киносына жаңа серпін әкелді. Режиссер 1983 жылы Алматыда өмірден өтті.

Желтоқсан көтерілісіне 40 жыл

1986 жылғы 17 желтоқсанда Алматының орталық алаңына жастар шығып, Қазақстан басшылығына сырттан кадр әкелу шешіміне қарсылық білдірді. Кеңес билігі шеруді күшпен таратып, жаппай қамау мен жазалау шараларын қолданды. Сол оқиғаға байланысты қудаланғандардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы Семей түрмесінде қаза тапқан. Биыл оның туғанына 60 жыл болмақ. 

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы

Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылдап, дербес мемлекет ретінде жаңа тарихын бастады. 16 желтоқсан сол уақыттан бері елде Тәуелсіздік күні ретінде аталып өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дата #атаулы дата #Тұлға #туған күн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Кеше 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Кеше 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Кеше 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Кеше 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика