2026 жылдан не күтеміз? Нумерологтар келер жыл кімдер үшін қауіпті болатынын айтты

  • 12:05, 24 желтоқсан 2025
2026 жылдан не күтеміз? Нумерологтар келер жыл кімдер үшін қауіпті болатынын айтты сурет: ашық дереккөз

2026 жылдан не күтеміз? Сандардың санқилылығына сенетін жұрт үшін келер жыл қандай өзгерістермен келетіні қызық. Аqshamnews.kz тілшісі нумерологтардың болжамын тізіп шықты. Сізді жаңа жылда қандай жаңалықтар күтіп тұр? Материалдан біліңіз. 

Parade ресурсының мәліметінше, 2026 жыл нумерологияда "бірліктердің әмбебап жылы" деп аталмақ. Демек, алда болатын өзгерістер "1 санының" рухани мағынасымен үйлеседі.

1, 10, 19 немесе 28-і күні туғандар. Өзіңізге сенуді үйреніңіз

Осы күндері туғандар үшін 2026 жыл тәуекел етіп, батыл қадам жасауға қолайлы кезең болуы мүмкін. Нумерология мамандарының пайымдауынша, сіз "өз-өзіңізбен" болғанда ғана өзіңізді еркін сезінесіз. "Бірліктердің әмбебап жылы" бастамашыл, лидер болуға бейім, тәуелсіз жандардың оң жанбасына түспек. 

"2026 жылдың сандарының қосындысы да "бірлікке" тең болып тұрғандықтан, "бірліктер" осы жылы кез келген бастамадан қорықпағаны абзал", - дейді мамандар.

2, 11, 20 немесе 29-ы күні туғандар. Шекараңызды бекітіңіз

Егер сіз осы күндері туған болсаңыз, келесі жылы белгілі бір қиындықтарға кезігуіңіз мүмкін. Нумерологияда 2 саны (осы күндердің жиынтық мәні - еск.)  үйлесім мен эмоциялық тепе-теңдікке ұмтылатын делдал бейнесімен байланыстырылып айтылады. Бірақ "Бірліктер жылы" "екіліктер" үшін де үлкен әлеуетке ие. Мамандар өз қалауыңыз бен қажеттіліктеріңізге көбірек көңіл бөліп, өзгенің тілегі мен сезімін бірінші орынға қоймауға кеңес береді.

3, 12, 21 немесе 30-ы күні туғандар. Таланттарыңызды қабылдаңыз

Нумерологтар 2026 жылы сіз өзіңізге көбірек сенім арта бастайсыз деп болжайды. Туған күні 3 санына келетін адамдар әдетте өте ізденімпаз болады, бірақ кейде түрлі қиындықтарды еңсеруге қабілеті жететініне күмәндануы мүмкін.

"Бірліктердің әмбебап жылы" сізден тәуекел етіп, өзіңізге сенуді сұрайтын жыл. Жыл бойы жаңа идеялар, теориялар мен дағдыларды сынап көргенде, өзіңізге күмәнданатын сәттер болуы мүмкін. Алайда ақыл-ой қабілетіңізді тәжірибеде қолданбасаңыз, ең тиімді жолдың қайсы екенін ешқашан білмейсіз", – деп атап өтті мамандар. 

4, 13, 22 немесе 31-і күні туғандар. Өзгеріске қарсы тұрмаңыз

Осы күндері туғандарға нумерологтар жаңалыққа қарсыласпай, оны қабылдауға кеңес береді. 4 санына "үндесетін" адамдар табиғатынан тәжірибеге бейім әрі жауапкершілігі жоғары болады, бірақ бұл әрдайым жеткілікті емес.

"Бірліктердің әмбебап жылы" жайлылық аймағынан шығудан қорықпайтындарды қолдайды делінеді. Сіз импульсивті әрекеттерден секем алуыңыз мүмкін, бірақ дәл сондай қадам жасау пайдалы болуы ықтимал.

"Батылдарға бақ қонады, сондықтан бұл – жайлылық аймағынан шығатын уақыттың келгенінің белгісі", – деп қосады. 

5, 14 немесе 23-і күні туғандар. Сынақтардан қорықпаңыз

"Бестіктер" үшін 2026 жыл өзін-өзі тану жылы болуы мүмкін. Себебі нумерологияда 5 саны өзгергіштік пен динамиканы білдіреді: мұндай адамдар жаңа сын-қатерден немесе мүмкіндіктен қашпайды. Алдағы жыл өз өміріңіздегі өзгерістерге жауапкершілік алып, қалаған бағытыңызды таңдауға қолайлы кезең ретінде сипатталады.

Сол себепті "бестіктер" үшін жаңа мүмкіндіктер көп болуы ықтимал, қайта-қайта сынап көруден қорықпаңыз. Мүмкін, дәл 2026 жылы өзіңізді де, өмірде де немен айналысқыңыз келетінін анық табарсыз. 

6, 15 немесе 24-і күні туғандар. Адамдармен байланысқа мән беріңіз

Осы датада туғандар өте мейірімді әрі тым сезімтал келетін жандар. Олар үшін серіктестік, достық, отбасы құндылықтары өте маңызды. Нумерологтардың айтуынша, жаңа жылда жауапкершілікті қолға алып, кездесуге баруға, жаңа таныстық орнатуға, дос табуға жақсы уақыт болуы мүмкін.

"Жаңа таныстық жаңа мүмкіндіктерге жол ашады", - дейді нумерологтар. 

7, 16 немесе 25-і күні туғандар. Ішкі даусыңызды тыңдаңыз

Нумерологтар осы күндері туғандар 2025 жылы көп нәрсе үйренгенін жеткізді. Сондай-ақ, "жетіліктер" өмірдің мәні туралы жиі ойланатын тұлғалар. Сол себепті биыл алған сабақтарыңызды қорытындылап, оны келесі жылы нақты іске жаратуыңыз керек. Мамандар рухани біліміңізді өзін-өзі жетілдіруге бағыттауға кеңес береді: бұл өз жолыңызды тереңірек түсінуге көмектесуі мүмкін.

8, 17 немесе 26-ы күні туғандар. Молшылық туралы жиі ойлаңыз

Жаңа жылдың энергиясы бойынша 8, 17 және 26-сы күні туғандар "не ексе, соны орады" делінеді. Нумерологияда 8 саны қаржылық табыс, материалдық ұмтылыс және руханиятпен байланыстырылады. Сондықтан кейінгі жылдары тепе-теңдік пен өзара жауапкершілік жайлы рухани сабақтарды меңгерсеңіз, келесі жылы нақты "сый-сияпат" түрінде қайтарым алуыңыз мүмкін. 

Бұл бәлкім қызметтегі өсім, жетістік немесе басқа да қаржылай игілік болуы ықтимал.

9, 18 немесе 27-і күні туғандар. Тоқтамаңыз, қайта байқап көріңіз

Ал тоғыздықтар үшін жаңа жыл әлдеқайда жеңілірек өтуі мүмкін. 2025 жылғы ауыр сынақтардан кейін 2026 жыл сізді ашық, жылы құшақпен қарсы алады деген болжам бар.

"Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, 2026 жыл 2025-пен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл болуы мүмкін. Өзіңізді соншалықты жалғыз әрі сенімсіз сезінбейтін боласыз, өйткені бұл жылдың энергиясы жалғыздықта да, тәуелсіздік пен табандылықта да өзіңізге сенімді болуға көмектеседі. Бұл – қайтадан еңсе тіктеп, алға жылжитын жыл болсын", – деп түйіндейді нумерологтар. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:35

14:20

12:58

12:33

12:05

11:58

11:37

11:20

11:19

11:15

11:10

11:10

11:00

10:45

10:35

10:21

10:08

09:55

09:42

09:22

09:05

08:55

18:03

17:59

17:48