AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылы Алматының Жетісу ауданында 36 көше жөнде...

2025 жылы Алматының Жетісу ауданында 36 көше жөндеуден өтеді

Әлеумет 13.02.2025, 10:17 901 Nursok82
2025 жылы Алматының Жетісу ауданында 36 көше жөндеуден өтеді
almaty-akshamy.kz

Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жол-көлік инфрақұрылымын жаңарту және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Шаһар басшысы былтыр ауданда 21 км болатын 29 көше орташа жөндеуден өткенін, биыл 36 көшеде 19 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу аясында 2024 жылы 30 мың ш.м. жол жабыны жаңартылды, ал осы жылы тағы 35 мың ш.м. жол жөнделмек. Былтыр 34 шақырым арық жүйесін салу нәтижесінде аудандағы барлық су басу қаупі бар аймақтар жойылды.

«Былтыр Жолымбет көшесіндегі Есентай өзеніндегі көпірді тексеру нәтижесінде бетон құрылымдардың қатты зақымданғаны және тіректерде жарықтар пайда болғаны анықталды. Небәрі 6 ай ішінде жаңа көпір салынып, жол ені 8 метрден 14 метрге дейін кеңейтілді. 2025 жылдың маусымында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырықтың құрылысы аяқталады. Бұл көлік торабының өткізу қабілеті 20%-ға артып, Жетісу ауданының басқа бөліктермен байланысын айтарлықтай жақсартады», – деді Ерболат Досаев. 

Кездесу барысында Алматы әкім ауданның қоғамдық көлік қызметін жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атады. Өткен жылы қаладағы автобустар саны 1 509-дан 1 740-қа дейін көбейтілді, бұл 11 жаңа маршрут ашуға және 44 қолданыстағы бағытты күшейтуге мүмкіндік берді.

Жалпы, биыл қалалық қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру мақсатында тағы 800 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арық #су жиналу орны #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);