AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2023 жылы Алматыда 3 кемпинг-аймақ пен 12 тау бағы...

2023 жылы Алматыда 3 кемпинг-аймақ пен 12 тау бағыты жабдықталды

Әлеумет 01.03.2024, 04:37 826
2023 жылы Алматыда 3 кемпинг-аймақ пен 12 тау бағыты жабдықталды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2023 жылы Алматыда туризм басқармасы туристік инфрақұрылымды абаттандыру бойынша жұмыс жүргізді. Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова мәлімдеді.



Атап айтқанда, «Ақбұлақ», «ҮАК» және «Мыңжылқы» 3 кемпинг-аймағы орнатылды, онда шатырлар, жайлы беседкалар, үстел-орындықтар, әткеншектер пайда болды. Сонымен қатар, ұзындығы 150 км болатын 12 тау бағыты абаттандырылды, онда ақпараттық стендтер, көрсеткіштер, демалуға арналған платформалар, көпірлер мен беседкалар орнатылды.



«Сонымен бірге, Алматы халықаралық әуежайының паспорттық бақылау аймағындағы кабиналарды жабдықтадық. Енді туристерді әлемге белгілі тоғыз тілде, соның ішінде қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, итальян, түрік және корей тілінде қарсы алады. Алматы қаласының әуежайында таксистердің заңсыз іс-әрекеттерінің жиілеуіне байланысты Алматы қаласының халықаралық әуежайының терминалдарында такси тарифтері көрсетілген ақпараттық стендтер ілінді, сонымен бірге кедендік бақылау аймағында шетелдік азаматтардың паспорттарына ақпараттық қосымша парақтар беру көзделген», - деді Ғалия Тоқсейітова. 




Бұған қоса, қала қиылыстарында 54 ақпараттық тотем жаңартылды. Қала картасымен қоса, олар танымал туристік орындарға бағыттарды ұсынады. Сонымен қатар, былтыр виртуалды 3D турлар басталды. Енді visitalmaty.kz сайтындағы әлемнің кез келген жерінде пайдаланушыларға тегін аудио-бейне турлар қолжетімді.



«Өз кезегінде, біз қала тұрғындары мен қонақтарынан мәдениетті болуды, инфрақұрылым нысандарына аялап ұқыпты қарауды және вандализм фактілеріне жол бермеуді сұраймыз», - деді туризм басқармасының басшысы. 



2024 жылы туристік инфрақұрылымды жақсарту және дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасады, оның ішінде кемпинг-аймақтар орнатылып, тау жолдары абаттандырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #турист #кемпинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері робототехника әлемдік додасында биік белесті бағындырды

Кеше 22:32

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Кеше 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Кеше 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Кеше 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Кеше 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);