Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жамбыл облысында полицейлер суицидтің алдын алды

Жамбыл облысында полицейлер суицидтің алдын алды

Оқиға 07.01.2026, 12:22 246
Жамбыл облысында полицейлер суицидтің алдын алды
depositphotos.com

Жамбыл облысында полицейлер жедел әрекеттің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Оқиға 2026 жылғы 6 қаңтарда профилактикалық тексеріс барысында тіркелген. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары арнайы есепте тұрған азаматтарды күнделікті аралау кезінде бір тұрғын үйге кірген.

Тексеру кезінде полицейлер ер адамның жатын бөлмеде жылыту құбырына асылып, өміріне қауіп төніп тұрғанын байқаған. Жағдайдың күрделілігін ескерген құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірден әрекет еткен.

Полицейлер ер адамды дереу босатып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Осылайша, азаматтың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туған.

Зардап шеккен ер адам жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің хабарлауынша, қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.

Құтқарылған азаматтың туыстары полиция қызметкерлеріне кәсіби әрі бейжай қарамаған әрекеттері үшін алғыс білдірген.

Полиция департаменті арнайы есепте тұрған адамдармен профилактикалық жұмыстардың тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті. Мұндай шаралар құқық бұзушылықтың алдын алуға және қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде көмек көрсетуге бағытталған.

Мамандар қоғамды осындай сәттерде бейжай қалмай, жақын жандардың психологиялық жағдайына мұқият болуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#суицид
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 17:14

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика