AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындарды газб...

Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындарды газбен қамту жалғасып жатыр

Әлеумет 06.12.2025, 14:45 329
Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындарды газбен қамту жалғасып жатыр
gov.kz

Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтардың тұрғын үйлерін газдандыру жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты – ерекше қолдауды қажет ететін тұрғындарды сенімді әрі қауіпсіз газбен қамту. Жоба Алматы қаласы әкімдігінің, «Халық банк» АҚ және «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырылып жатыр. Бұл жұмыс қарқынын айтарлықтай жеделдетіп, қосылу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Газдандыру кезең-кезеңмен жүргізіліп, үй иесіне толықтай дайын күйде беріледі. Әлеуметтік осал санатқа жататын тұрғындар есептегіш құралдарды, газ жабдығын, жылыту радиаторларын және басқа да қажетті материалдарды сатып алмайды, барлық шығынды қор өтейді. Көмек алушылардың тізімін газға қосылу ақысын өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар арасынан жергілікті атқарушы орган анықтайды. Бүгінде 50 үйде құрылыс-монтаж жұмысы аяқталып, соның 42-сі газға қосылды. Тұрғындар заманға сай газбен қамтудың артықшылықтарын пайдалана бастады. Сонымен қатар мамандар екінші кезеңнің қамын жасап, үйлерді аралап, құжат реттеу мен жаңа өтініштерді қарастыруды қолға алған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика