AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Әлеумет Бүгін 17:10 92
Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген
интернет

Былтыр 45,7 мың ажырасу тіркеліпті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелген. Жалпы некелесу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,69 болған.

Некелесу көрсеткіші Астана қаласында – 1000 адамға 6,75, сондай-ақ Қарағанды (6,32) және Шығыс Қазақстан (6,27) облыстарында жиірек тіркелген. Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында – 5,06.

Қалалық жерде 78,9 мың неке тіркелсе (68,1%), ауылдық жерде – 37 мың (31,9%). Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлер арасында 27,9 жас, әйелдер арасында – 25,3 жас.

Ерлер арасында алғаш рет некеге тұрғандардың үлесі 77%, әйелдер арасында 78% болды. Ажырасқаннан кейін некеге қайта тұрғандардың үлесі ерлерде – 22%, әйелдерде – 21%.

2025 жылы некенің басым бөлігі жаз айларында тіркелген: маусым – 11 848, шілде – 12 955, тамыз – 12 418. Былтыр отау құрғандардың 80,4%-да моноэтностық неке болса, 19,6% – ұлтаралық неке.

2025 жылы 45,7 мың ажырасу тіркелді. Олардың 34 мыңы (74,4%) қалалық жерде тіркелсе, ауылдық жерде – 11,7 мың (25,6%). Жалпы жылдық ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,24 болды. Ең жоғары коэффициент Павлодар облысында – 3,43, сондай-ақ Қарағанды (3,41) және Солтүстік Қазақстан (3,28) облыстарында тіркелді. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында – 1,03.

Некеде тұру ұзақтығына қарай ажырасулардың ең үлкен үлесі (35%) 1-4 жыл отау құрағандарға тиесілі. 5-9 жыл бірге тұрғандар арасындағы ажырасу – 24%, ал үйленгеннен кейін бір жыл ішінде ажырасқандар үлесі 8% құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ажырасу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08

Тоқаев ел тарихында алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Бүгін 15:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика