Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді және салтанатты марапаттау рәсімінен фотосуреттер ұсынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
2026 жылғы 17 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан елеулі үлесі, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға сіңірген еңбегі үшін бірнеше қазақстандыққа мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Мемлекет басшысынан наградалар алғандардың қатарында:
Парламент Сенатының төрағасы Маулен Ашимбаев
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов
Премьер-министр Олжас Бектенов
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин
Бас прокурор Берік Асылов
Президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дадебай
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева
Ішкі істер министрі Ержан Саденов
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Сәкен Исабеков және басқа да тұлғалар бар.