Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы зообағы жаңғыртудан өтеді

Алматы зообағы жаңғыртудан өтеді

Барлығы 27.11.2025, 14:15 285
Алматы зообағы жаңғыртудан өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл мақсатта зообаққа іргелес жер телімдері сатып алынбақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы қаласындағы хайуанаттар бағын жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов айтты.

Оның айтуынша, зообаққа келушілер саны артып отыр. Сондықтан қазіргі қоршаулардың, айналадағы аумақтар мен инженерлік инфрақұрылымның жағдайы едәуір ескіргенін, жұртқа сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейтінін айтады. Қазіргі қоршаулар жануарларды күтіп-ұстаудың әлемдік стандартына да сай келмейді.

"Әлемнің барлық елінде зообақтарды табиғи ортаға ұқсайтындай етіп, жан-жануарларға барынша жайлы жағдай жасап жатыр, біз де осы бағытта жұмыс істеуге бет алдық", – деді Бейбіт Шаханов.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қайта жаңғыртуға дайындықтың негізгі кезеңінің бірі – іргелес жер телімдерін сатып алу. Ол – инфрақұрылымды толық жаңартып, жануарларды ұстауға арналған заманға сай табиғи аймақтар құрып, автотұрақ аумағын кеңейту деген сөз.

"Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқан кезде климаттық жағдайы ұқсас елдердің зоопарктерін жаңғырту тәжірибесі ескерілуде. Вольерлерге қойылатын талаптар жетекші әлемдік сарапшылардың қатысуымен әзірленген. Модернизацияның мастер-жоспарында белгіленген жануарларды күтіп-ұстау стандарттарына толық сәйкес келеді. Жобалауға Еуропа мен Ресейден келген зооархитекторлар қатысып жатыр", – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Жоба бойынша жұмыс басталып кетті. Келесі жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады.

Ал 10 жер телімін сатып алғаннан кейін қала зоопаркті ауқымды түрде қайта құруға кіріседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зоопарк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 17:14

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика