AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ескі денсаулық сақтау нысандары жаңғыртыл...

Алматыда ескі денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр

Әлеумет 06.02.2025, 10:28 1,174
Алматыда ескі денсаулық сақтау нысандары жаңғыртылып жатыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалында өткен есептік кездесуде аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесінің оң шешімін тауып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2025 жылдың наурыз айында №3 емхана ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталады. Жөндеу жұмыстары аясында конструктивті элементтер қалпына келтіріліп, ішкі бөлмелер жаңғыртылады.

Қалалық Адам репродукциясы орталығының күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл наурыз айында Жібек жолы, 124 мекенжайындағы ғимаратта жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Төреқұлов көшесі, 73 мекенжайындағы ғимаратты жөндеу жұмыстары 2025 жылдың 2-тоқсанында бітеді.

«Ана мен баланың денсаулығын сақтау әрқашан әкімдік жұмысының басымдығы болып қала береді. 1937 жылы салынған №1 перзентхана ескірген және қазіргі стандартқа сәйкес келмейді. Жаңа ғимараттың дизайны аяқталып, 2025 жылдың маусымында сараптама басталуға тиіс. 2025 жылдың жазында ескі ғимаратты бұзып, оның орнына заманауи құрылғылармен жабдықталған жаңа ғимарат салынады. Бұл жұмыс 2026 жылдың соңында аяқталады», - деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, Әйтеке би мен Масанчи көшесінің қиылысында орналасқан ескі қалалық ревматология орталығы ғимаратының орнына 500 адам қабылдауға арналған жаңа емхана салу көзделген. Жұмыс осы жылдың маусым айында басталып, 2026 жылдың мамыр айында аяқталмақ.

Айта кетейік, Алматы әкімінің тапсырмасымен 2024 жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға бөлінген қаржы 26,3 млрд теңгеге, яғни 2,5 есе артты, ал 2025 жылы тағы 2,6 есе өсіп, 69,4 млрд теңгеге дейін жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы #аурухана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32

Наурыз рухы сахнадан асып, алаңға жетті

Бүгін 11:31

Алматыда қазандық пен жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуды жалғастырып жатыр

Бүгін 11:15

Өтің ауырмасын десең...

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика