AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Өтің ауырмасын десең...

Өтің ауырмасын десең...

Керек кеңес 17.03.2026, 11:05 532 yakiya
Өтің ауырмасын десең...
интернет

Өттің дұрыс жұмыс істемеуі денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді: жүрек айну, ауырлық, іш қату, желдену сияқты белгілер пайда болуы мүмкін. Бірақ күнделікті қарапайым қадамдар мен дұрыс тамақтану арқылы өттің қызметін жеңілдетіп, ауырсынудан сақтануға болады.

Стресстен аулақ бол – қатты уайымдап, ашуланып жүрсең өт бірден түйіліп қалады. Жүйке жүйесі мен өт тікелей байланысты. Кортизол (стресс гормоны) көбейсе, өттің ағуы нашарлайды, одан әрі қарай іш кебеді, оң жақ қабырғаның асты ауырады, тері солғын тартады. Күніне 10 минут тыныс алу жаттығуын жасау – бауыр мен өтке жасайтын ең үлкен жақсылығың.

Таңертең жылы су ішу – өттің жүруін іске қосады. Ашқарынға, тамақтан бұрын ішкен жылы су ұйқыдан тұрғанда қоюланып тұрған өтті айдауға көмектеседі. Ішетін суға бір тілім лимон қоссаң бауырдың жұмысы жеңілдейді.

Пайдалы майлар тұтыну – рационыңда май болмаса, өт дұрыс шықпайды. Өт майға жауап ретінде бөлінеді, сол үшін тамақтануыңа сапалы сары май, өсімдік майы мен жануар майын қос, жаңғақ пен жұмыртқа же. Май өттің еркін ағуына, А, D, Е, К дәрумендерінің сіңуіне, иммунитеттеің күшеюіне көмектеседі.

Белсенді қимылдау – өт қозғалысты жақсы көреді. Аз-аздан жеңіл қимылдаудың өзі – профилактика. Денеде қозғалыс болмаса дұрыс тамақтансаң да айналым болмайды, яғни өттің ағуы қиындайды. Күн сайын жарты сағат йога, би, серуеннің өзі өттің толмауына көмектеседі.

Табиғи шөп шай ішу – фитошайлар өтке жақсы әсер етеді. Жалбыз, бақбақ секілді шөптерден жасалған шайлар түйілуді азайтып, өттің ағуын жеңілдетеді.

Ащы тағам тұтыну – бауыр мен өт ащыны жақсы көреді. Ащы дәм өттің табиғи түрде бөлінуін жүзеге асырады. Грейпфрут, цикорий, руккола, артишок сияқты ащы дәмді күнделікті аздап тұтынып отырсаң, ас қорыту жүйесінің алғысын аласың.

Тұрақты тамақтану режимі – өт тәртіпті жақсы көреді, тәртіп бұзылса өттің ағысы да бұзылады. Ұзақ уақыт аш жүру өттің қоюлануына әкеледі, жиі-жиі тамақ жей беру де қиындық тудырады. Сондықтан күніне арасында 4-5 сағат үзіліс жасап 3-4 рет тамақтанған дұрыс. Сонда өт уақытында бөлініп, ас қортыу жеңілдейді, тері тазарып, салмақ та тұрақты болады

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 18:06

Алматыда Президенттік дене шынықтыру тестілеріне 1000-нан астам адам қатысты

Бүгін 18:04

Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды

Бүгін 17:43

Алматыда әскери қызметшілерге құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету акциясы өтті

Бүгін 17:38

Алматы әкімі денсаулық сақтау саласын дамыту және құрылыс жобаларының орындалу барысын бақылауға алды

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);