AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда 162 млн дәрілік зат таңбаланды

Қазақстанда 162 млн дәрілік зат таңбаланды

Медицина 19.12.2024, 08:28 750 dulatbekova
Қазақстанда 162 млн дәрілік зат таңбаланды
Cурет: Денсаулық сақтау министрлігі


Оның 152 миллионы Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін таңбаланды.

 Бұл ретте дәрілік заттардың 16 млн қаптамасы таңбаланып, дәріханалардың бөлшек сауда желісіне енгізілді, бұл ақпараттық жүйеде препараттардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі бүкіл қозғалыс жолын бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бірегей Data Matrix кодын қолданатын цифрлық таңбалау препараттың бүкіл өмірлік циклін — өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді.

Кодта маңызды ақпарат бар: препараттың атауы, сериясы, өндіруші туралы деректер, жарамдылық мерзімі және басқа мәліметтер. Бұл заңсыз айналым мүмкіндігін жояды және тұтынушыларды сапасыз және жалған дәрі-дәрмектерден қорғауды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда дәрілік заттар айналымының барлық қатысушылары таңбалауды енгізу бойынша жұмысты аяқтады, атап айтқанда:
● 19 отандық өндіруші;
● 278 көтерме сауда субъектісі;
● 3 169 дәріхана және бөлшек сауда нүктесі.

Денсаулық сақтау министрлігі таңбаланған препараттардың қозғалысын бақылауды жалғастыруда, олардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде бақылауды қамтамасыз етеді.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Бұл шара контрафактілік өнімдермен күресуге және дәрі-дәрмектер нарығының ашықтығын арттыруға бағытталған.
Цифрлық таңбалау - бұл азаматтардың денсаулығын сақтауға және Қазақстан нарығында дәрілік заттардың сапасына деген сенімді арттыруға жасалған маңызды қадам.

Қазақстанда дәріханаларға көмек көрсету үшін NS Pharm тегін мобилдік қосымшасы әзірленгенін естеріңізге сала кетейік. Бұл таңбаланған тауармен жұмыс істеуді жеңілдетеді және процесті тіпті шағын дәріханалар, соның ішінде ауылдық және шалғай аудандар үшін де қолжетімді етеді. Фармацевтикалық бизнеске арналған бұл заманауи цифрлық шешім барлық заңнамалық талаптарға сәйкес келеді, жабдыққа арналған шығыстарды азайтады және күрделі IT-қолдаудың қажеттілігін жояды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#таңбалау #дәрілік препараттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);