AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда 17 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, бизне...

Алматыда 17 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, бизнеске қысым азайды

Заң мен тəртіп 15.04.2026, 11:22 151 Сұлу
Алматыда 17 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, бизнеске қысым азайды

Алматыда былтыр 17 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, қалпына келтірілген қаржы көлемі 4,9 млрд теңгеден асып түсті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматыдағы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Еркебұлан Бейімбет осылай деді. Жұмыс негізінен заңбұзушылықты жойып, бизнеске әкімшілік қысымды төмендетуді көздеген, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бір жыл ішінде Кеңестің 14 отырысы өтіп, онда 33 мәселе қаралып, оның 21-і шешімін тауыпты. Бұл былтырғыдан 40%-ға артық. 109 заңсыз нұсқама мен 264 профилактикалық бақылау нәтижесі жойылып, 80 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Сотта 6 іс қаралып, 48 млн теңге сомасында 8 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 4 әкімшілік іс тоқтатылған екен.

«Біз барлық негізгі көрсеткіш бойынша оң өзгеріс байқап отырмыз. Қорғалған құқықтың саны да артып, қайтқан қаражаттың көлемі де ұлғайып барады. Бұл кәсіпкерлердің өз мүддесін батылырақ қорғай бастағанының белгісі. Біздің міндет — оларды қолдауды күшейтіп, жүйелі өзгеріске қол жеткізу», — деп атап өтті Еркебұлан Бейімбет баспасөз конференциясында.

Биылғы бірінші тоқсанда Кеңестің 5 отырысы өтіп, 13 мәселе қаралса, оның 8-і шешілген. Осы кезеңде 2049 кәсіпкердің құқығы 1,3 млрд теңгеден астам сомаға қорғалды, 571 заңсыз өкімнің күші жойылып, 4 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

«Біз салық органдарының әрекетіне байланысты өтініштерге ерекше назар аударамыз. Құжатты негізсіз талап етіп, шотты бұғаттап, заң бұзбаса да хабарлама жіберген бірнеше дерек анықталды. Мұндай әрекет бизнестің аяғына тұсау болады. Осындай әр іске құқықтық баға беріп, кәсіпкердің құқығын қалпына келтіруге қол жеткіземіз», — деп толықтырды спикер.

Палатаның жұмысында бірнеше кейс қаралды. Олар салық органының заңсыз хабарламасы мен талабына, кәсіпкерлерге қаражатты қайтаруға, шотты бұғаттау, мемлекеттік сатып алу кезіндегі мәселелерге, соның ішінде кепілдік жарнаның қайтарылмауы мен келісімшарт талабының сақталмауына қатысты болған. Арасында мемлекеттік гранттар бойынша келісімшарттардағы қайшылықтарға, бизнесті тексеру кезіндегі заңбұзушылыққа, сыртқы жарнама мәселесі мен қолдау шараларын бөлудегі таңдамалы тәсілге байланысты жекелеген өтініштер де болыпты.

Айта кету керек, біраз кейс бойынша нақты нәтижеге қол жетті: кәсіпкерлерге қомақты қаражат қайтарылып, заңсыз шешімнің күші жойылып, кейбір мәселе прокуратураның бақылауына алынды. Алматыда әкімшілік кедергілерді азайту мен бизнесті қорғау жұмысы жалғаса бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кәсіпкер #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:32

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);