Қазақстан Таяу Шығыстағы өз азаматтарын эвакуациялауға дайын
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жедел штаб отырысын өткізіп, Таяу Шығыс елдерінің әуе кеңістігі жабылуына байланысты рейстердің тоқтатылғанын хабарлап, әуе компаниялары баламалы бағыттарға дайын екенін және жолаушылар үшін колл-орталықтар іске қосылғанын мәлімдеді.