AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Жарылғыш зат қойылғаны хабарланған": Алматыдағы M...

"Жарылғыш зат қойылғаны хабарланған": Алматыдағы Mega сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды

Барлығы 09.12.2025, 10:39 578 Дина
"Жарылғыш зат қойылғаны хабарланған": Алматыдағы Mega сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды
сурет: видео кадры

Алматыда Розыбакиев көшесіндегі Mega Alma-Ata сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама түсіп, келушілер мен қызметкерлер шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ақпарат түскен сәттен бастап барлық жедел қызметтер мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына жұмылдырылған. Сауда орталығының аумағы қоршауға алынып, ғимаратты комиссиялық тексеруден өткізу үшін саперлер мен мамандар шақырылған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жалған хабарлама таратқан адамның жеке басын анықтап жатыр. Полиция оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын ескертті.

Ведомство тұрғындарды сабыр сақтауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға және қауіпсіздік қызметтерінің нұсқауларын қатаң сақтауға шақырды.

 
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#эвакуация #жарылғыш зат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика