ffin.kz

Егін суарудың жаңа жобасы

Егін суарудың жаңа жобасы Сурет: ашық дереккөз

Қызылордада кәріз жүйесінен шыққан сарқын сумен егінді суару жоспарланып отыр.


Ол үшін отандық ғалымдар ойлап тапқан күріш сабанынан алынатын белсендірілген көмір қолданылады. Ғылым мен өндірісті ұштастырған жоба идеясы өңірдегі су тапшылығынан туындаған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Былтыр егінге су жеткізуге қиыналған елді мекендер қатарында Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылы да болды. Мұнда күріш пен мал азығы дақылын тіршілік нәрімен қамту үшін бірнеше су айдау құрылғысын пайдалануға тура келген. «Жер тегістеуге арналған италиандық технологияның да тиімділігі мол болды», - дейді диқандар. 



Нұрлан Іздібаев, шаруа қожалығының директоры: - Лазермен тегістелген кезінде бір атыздағы судың өзі ең әрі кеткенде 3-5 сентиметрде су ғана жатады. Бұл дегеніміз суға көп үнемділік деп есептейміз. Орташа шығымдылық 65,3 центнерден 1 мың 900 гектарға өнім жинадық. 



Соңғы жылдары Сырдария өзенінің деңгейі төмендеп, өңірде су үнемдеудің түрлі әдіс-тәсілі қолға алына бастады. Тамшылату, жаңбырлатудан бөлек алқаптарды кезекпен суаруға да көшкендер бар. Енді кәріз жүйесіндегі лас суды мал азығы дақылын суаруға қайта пайдалану жоспарланып отыр. Бұл технологияны отандық ғалымдар ойлап тапты. 



Серікбай Өмірзақов, техника ғылымдарының докторы: - Осы күріш қалдығының сабанынан активировный уголь шығару арқылы осындай сүзгілерді жасап, лас суларды тазартып, олардың ластану дәрежесін пайдалану деңгейіне дейін түсіру арқылы пайдалануға болатындығы дәлелденіп отыр, лабораториялық эспериментальдық зерттеулер нәтижесінде. 



Құны 750 миллион теңге болатын жобаны еліміздің Ғылым комитеті қаржыландырады. Күріш сабанынан әзірленген белсендірілген көмір арқылы жасалатын сарқын суды тазарту қондырғысы Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі кәріз суын биотазалау стансасына орнатылады. 



Жанұзақ Байманов, техника ғылымдарының кандидаты: - Мал азық дақылдары ретінде жергілікті жерде шығарылған жоңышқа, түйежоңышқа, басқа да дәнді мал азық дақылдарын, қант құмайы секілді сол жерде егіп көріп, оның өнімділігіне, құрамына қандай әсер етенінін талдаймыз да, екінші бағыттан осы ағынды лас сулармен суару барысындағы оның топыраққа әсері де талданады. 



Жоба аясында кәріз жүйесінен шыққан лас судың жағымсыз иісін жойып, жасыл желекке қосымша су қорын азірлеуге мүмкіндік туады. Жобаға отандық және шетелдік профессорлармен қатар мемлекеттік мекеме мамандары, жас ғалымдар мен студенттер де қатысады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:02

13:45

13:40

13:37

13:29

13:22

13:19

11:29

11:11

11:05

10:48

10:30

10:13

09:54

09:12

08:52

08:35

08:20

08:10

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15