AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Жылу беру маусымы жоспарға сәйкес басталды: Премье...

Жылу беру маусымы жоспарға сәйкес басталды: Премьер-министр әкімдерге өңірлік штабтар жұмысын қайта жандандыруды тапсырды

Саясат Бүгін 12:45 53
Жылу беру маусымы жоспарға сәйкес басталды: Премьер-министр әкімдерге өңірлік штабтар жұмысын қайта жандандыруды тапсырды
Сурет: primeminister.kz

Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды. Бүгінде 11 өңірде жылу беріле бастады.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірлердің жылу беру маусымына дайындығы, жылу көздеріндегі отын қоры, сондай-ақ жылу және электр желілеріндегі жөндеу жұмыстарының аяқталуы туралы баяндады.

Алматы және Шымкент қалаларында, Ұлытау, Жетісу, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жылу беру жүйесіне қосу жұмыстары кестеге және ауа райы жағдайына сәйкес қазан айының соңына дейін жүргізіледі.

Премьер-министр бұған дейін желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырғанын атап өтті. Абай облысынан басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады. Осыған байланысты Премьер-министр Абай облысы әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

«Жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталды. Оңтүстік және батыс өңірлерде жылу бекітілген кестеге және ауа райы жағдайына байланысты беріледі. Өңір әкімдері жылыту маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын қайта жандандырып, энергия көздері мен желілердің жұмысын үнемі тексеріп отырсын. Жоспарлы параметрлердің бәрі сақталуы керек, сондай-ақ отынның нормативтік қоры мен қосалқы жабдықтардың дайындығын қамтамасыз ету қажет. Халыққа қажетті көмір бағасын тұрақты бақылауда ұстап, отын тапшылығына жол бермеңіздер», — деп атап өтті Премьер-министр.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жылу #үкімет #премьер-министр #әкім #маусым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұланның 5449 әскери бөліміне 60 жыл толды.

Бүгін 13:16

Алматылық психиатр алжудың алғашқы белгісін қалай анықтауға болатынын айтты

Бүгін 13:04

Психиатрға қай кезде жүгінген жөн: Алматының штаттан тыс бас психиатры алаңдатарлық белгілерді айтып берді

Бүгін 13:01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 13:01

Үкіметте Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

Бүгін 13:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);