AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жүргізушісіз таксимен қашан жүреміз?

Жүргізушісіз таксимен қашан жүреміз?

Әлеумет Бүгін 10:04 53
Жүргізушісіз таксимен қашан жүреміз?
ЖИ

Бұл сұраққа Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жауап берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов елде жүргізушісіз таксидің қашан іске қосылатынын сұрады.

"Қазір біз Digital Bridge форумын күтіп отырмыз. Сол жерде технологияларымызды таныстырып, көрсеткіміз келеді. Алматыда алғашқы жүргізушісіз көлік сынақ режимінде жүріп жатыр. Ол тәжірибе жинап, карталарды әзірлеуде. Осы режимде бірнеше мың шақырым жүруіміз керек. Содан кейін алғашқы коммерциялық сапарларды бастай аламыз", – деді "Яндекс Қазақстан" компаниясының бас директоры Тимур Шалекенов.

Жаслан Мәдиев осы саланы реттеу жұмыстары қатар жүргізіліп жатқанын айтты.

"Біз нормативтік-құқықтық реттеу мәселесін қатар пысықтап жатырмыз. Қазір іске қосылған пилоттық жоба, біріншіден, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге, екіншіден, айтылғандай, карталарды жасауға көмектеседі. Пилоттық жоба Астана, Алматы және Қосшы қалаларында іске қосылды", – деді министр.

Олжас Бектенов іске қосу мерзімін тағы бір рет нақтылады. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, жүргізушісіз таксилерді 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Такси
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:31

Алматыда қоқыс шығаратындардың жұмысын онлайн бақыламақ

Бүгін 10:23

Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды

Бүгін 09:33

Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 09:05

Алматыда «Қазақфильм» кинематографиялық паркінің тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Бүгін 08:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);