конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ЖОО-лар қанша грант ұсынды?

ЖОО-лар қанша грант ұсынды?

Білім және ғылым Бүгін 14:09 40
 ЖОО-лар қанша грант ұсынды?

2026 жылы жоғары оқу орындары ұсынатын ректорлық, университеттік және ішкі білім беру гранттарының жалпы саны 2 мыңнан асады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Гранттарды беру талаптарын әр университет дербес белгілейді. Іріктеу кезінде Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері, академиялық жетістіктер, "Алтын белгі" иегері болуы, олимпиадалар мен ғылыми, шығармашылық және спорттық жарыстардағы нәтижелер, сондай-ақ талапкердің әлеуметтік жағдайы ескеріледі, деп хабарлайды 2026 жылы 8 тамызда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

  • Ең ірі бағдарламалардың бірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жүзеге асырылады. 2026-2027 оқу жылына Түркия Республикасы тарапынан 500 дәстүрлі білім беру квотасы бөлінген. Құжаттар 2026 жылғы 10-15 тамыз аралығында қабылданады. Конкурсқа мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысуға жарамды ҰБТ сертификаты бар және университет белгілеген шекті балды жинаған Қазақстан азаматтары қатыса алады.

  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті IT бағытындағы олимпиадалар, жобалар мен конкурстардың жеңімпаздарына 125 ішкі грант бөлді. Сонымен қатар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың және "Атамекен" отбасы үлгісіндегі балалар ауылының екі түлегіне оқудың толық мерзіміне 100% білім беру гранты ұсынылды.

  • Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өзіндік конкурстық бағдарламалар шеңберінде 94 грант қарастырылған. Оның ішінде EKTU QUIZ-2026 қорытындысы бойынша Жетісу, Түркістан және Қызылорда облыстарының мектеп түлектеріне төрт жылға 24, екі жылға 24 және бір жылға 24 грант беріледі. «Ақылды Awards 2026» конкурсы бойынша "Алтын белгіге" үміткерлерге төрт жылға 18 грант бөлінген. Қырғыз Республикасының мектеп түлектеріне арналған EKTU STAR 2026 және "EKTU-ды таңда – болашақты таңда" байқаулары бойынша төрт жылдық төрт грант қарастырылған.

  • Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті 2026-2027 оқу жылына ректордың 19 грантын бөлді. Оның бесеуі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға, үшеуі мемлекеттік білім беру гранты конкурсында жеңімпаз болмағанымен, ҰБТ-дан 100-ден жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі. Алты грант "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған олимпиадалардың жеңімпаздарына, бес грант IQanat High School of Burabay мектебінің физика, математика, биология, химия және информатика пәндері бойынша ішкі олимпиадаларында бірінші орын алғандарға арналған.

  • Дарынды талапкерлерді қолдау мақсатында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары мен "Зерделі" мектептерінің түлектеріне 20 ректорлық білім беру грантын бөлді. Гранттар талантты жастарды қолдауға, сапалы жоғары білімге қолжетімділікті кеңейтуге және олардың кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған.

  • Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 12 грант, Рудный индустриялық университетінде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған, толық емес және көпбалалы отбасылардан шыққан талапкерлерге ректордың 10 гранты қарастырылған.

  • Қарағанды индустриялық университетінде ақылы негізде оқитын студенттерге бірінші курстан кейін университет қаражаты есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік беретін "ҚарИУ білім беру гранты" қолданылады. Грант жоғары академиялық нәтиже көрсеткен және қоғамдық өмірге белсенді қатысатын студенттерге GPA көрсеткіші негізінде беріледі. Сондай-ақ 2026-2027 оқу жылында университетте Нариман Ишмұхамедов атындағы атаулы грант алғаш рет тағайындалды. Ол оқу ақысын толық өтеуді және ай сайын 150 мың теңге көлемінде стипендия төлеуді көздейді. Үміткердің ҰБТ нәтижесі кемінде 75 балл болуы, басым білім беру бағдарламасына түсуі және Теміртау қаласымен немесе Қарағанды облысымен аумақтық байланысы болуы тиіс.

  • Satbayev University әлеуметтік осал топтардан шыққан дарынды жастардың жоғары техникалық білімге қолжетімділігін кеңейту мақсатында жұмыс берушілер мен жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың білім беру гранттарын тартады. 2025-2026 оқу жылында жасалған келісімдер аясында 538-ден астам студентке қаржылық қолдау көрсетіліп, олар оқуын жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қолдауымен жалғастырды. Олардың қатарында жетім балалар, мүгедектігі бар тұлғалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының бірі немесе екеуі де мүгедектігі бар отбасылардан шыққан студенттер, сондай-ақ толық емес және көпбалалы отбасылардан шыққан білім алушылар бар. Сонымен қатар университет студенттерге өз қаражаты есебінен білім беру гранттары мен оқу ақысына жеңілдіктер ұсынады.

  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде университет грантына ҰБТ-дан кемінде 100 балл жинаған талапкерлер үміткер бола алады. Іріктеу барысында ҰБТ нәтижесі, "Алтын белгі" иегері болуы, әлеуметтік жағдайы, республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, конкурстар мен ғылыми жобалар жарыстарындағы жетістіктері ескеріледі. Құжат қабылдау мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланған күннен басталып, 18 тамызға дейін жалғасады.

  • "Тұран-Астана" университетінде ҰБТ-дан 100-ден жоғары балл жинаған "Алтын белгі" иегерлеріне оқудың толық мерзіміне ректор гранты беріледі.

  • Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде мемлекеттік грант иеленбеген, ҰБТ-дан 100-ден жоғары балл жинаған "Алтын белгі" иегерлеріне 100% жеңілдік қарастырылған. 2026-2027 оқу жылына ректор грантын алушылардың нақты саны Ғылыми кеңестің шешімімен анықталады.

  • "Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде гранттардың нақты саны белгіленбеген. "6В015 – Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау" бағытына түскен "Алтын белгі" иегерлеріне GPA көрсеткішін 3,5 деңгейінен төмендетпеген жағдайда оқудың толық мерзіміне 100% жеңілдік беріледі.

"Кейбір университеттерде ректор гранттарының орнына оқу ақысына жеңілдіктер жүйесі қолданылады. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде "Қамқор", "Көмек", "Жәрдем" және "Зерек" жеңілдіктері бар. Олар жетім балаларға, мүгедектігі бар студенттерге, бір отбасынан қатар білім алып жатқан студенттерге, университет қызметкерлерінің балаларына және "Алтын белгі" иегерлеріне беріледі. Жеңілдік мөлшері 15%-дан 100%-ға дейінгі аралықты қамтиды".ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ гранттар мен жеңілдіктердің нақты саны, құжат қабылдау мерзімдері, талаптары және қажетті құжаттар тізімі әр жоғары оқу орнында әртүрлі екені ескертіледі. Толық және өзекті ақпаратты талапкерлер таңдаған университеттің ресми сайтынан немесе қабылдау комиссиясынан нақтылай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Ал егер бәрі де өзімізге байланысты болса ше?» — Бақыт Шадаева қазақстандықтарды тоқтап, ойлануға шақырды

Бүгін 14:54

Қазақстан азаматтығын алуға өтініш қабылдау басталады

Бүгін 12:10

Жас ұрпақтың басты құндылықтары: ALMA LOVE кинокөрсетілімі 500-ден астам адамды біріктірді

Бүгін 11:18

Аптап ыстық қайта оралады: 9 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда бір тәулікте 2 240 рет жол ережесі бұзылған

Бүгін 09:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);