AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Ертіс-Баян жауһарлары» ұсынылды

Алматыда «Ертіс-Баян жауһарлары» ұсынылды

Алматы Бүгін 10:54 58
Алматыда «Ертіс-Баян жауһарлары» ұсынылды
Автордан

Алматы төріндегі ҚР Ұлттық кітапханасында Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің өкілдері көшпелі көрме мен республикалық конференция ұйымдастырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Ертіс бойының жауһарлары» атты көрмеде Павлодар өңірінен табылған Абай Құнанбайұлының алғашқы жыр кітабы, ғұлама Мәшһүр Жүсіптің тұмары мен Шәкен Аймановтың «Алдаркөсе» фильмінде киген бөркі, Жүсіпбек Аймауытов, Жұмат Шанин, Жанбике Шанина, Иса Байзақов, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Нұтфолла Шәкенов, Мұзафар Әлімбаев, Қалмұқан Исабаев және тағы да басқа ұлт тұлғаларының жеке заттары, Ертіс бойының мәдениеті мен өнеріне қатысты өзге де жәдігерлер таныстырылды.

Іс-шара барысында Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйытқы болуымен биыл жарық көрген екі кітаптың тұсауы кесілді.

«Бірінші кітап – «Қартқожа Тоғанбаев». Онда Жүсіпбек Аймауытовтың әйгілі «Қартқожа» романындағы негізгі кейіпкер, Алаш қозғалысының қайраткері, аудармашы, публицист Қартқожа Тоғанбаевтың өмірі мен қызметіне қатысты архивтік құжаттар, фотосуреттер мен зерттеу мақалалары жинақталған. Ал екіншісі – «Күретамыр». Онда Халық әртісі, әнші, актёр Кәукен Кенжетаевтың әкесі, халық ауыз әдебиеті үлгілері мен фольклор мұраларын жинаушы Кенжетай Аймановтың өлеңдері мен ел аузынан жазып алған аңыз-хикаялары, қисса-шежірелері жинақталған», – деді Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы Ербол Қайыров.

«Баянтаудан Алатауға: рух сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-мәдени конференция жұмысына елімізге танымал әдебиеттанушы ғалымдар, Ертістің Павлодар өңірінен шыққан ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің ұрпақтары қатысты.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды полиорталықтарды дамыту жобасын пысықтауды тапсырды

Бүгін 11:44

Дархан Сатыбалды «Қалқаман» бекетін іске қосу және Абай даңғылын ұзарту жұмыстарының барысын тексерді

Кеше 17:50

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан Елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Кеше 17:01

Қай банк зейнеткерлерге ипотека береді?

Кеше 16:27

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Кеше 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);