Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданына жұмыс сапары барысында «Қалқаман» жаңа метро бекетінің құрылыс барысымен және Абай даңғылын ұзарту жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Мегаполис басшысы атап өткендей, «Қалқаман» метро бекетіндегі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Қазір бекітілген кестеге сәйкес іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бекет аумағы да кешенді түрде көркейтіліп, 400-ге жуық көлікке арналған автотұрақ салынған.
Сондай-ақ жұмыс сапары кезінде Абай даңғылын Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жобасының барысы қаралды.