AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жолдарда су тасқынына дайындық жүргізіліп жатыр

Жолдарда су тасқынына дайындық жүргізіліп жатыр

Әлеумет 18.03.2026, 17:09 251 dulatbekova
Жолдарда су тасқынына дайындық жүргізіліп жатыр
Сурет: Gov.kz

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқыны мен еріген суларды өткізу үшін ауқымды дайындық жүргізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлімдеді.

Спикердің атап өтуінше, «біздің жолдарда 1300-ден астам көпір және шамамен 15 мың су өткізу құбыры орналасқан, оның 97%-ы ашылып, тазартылды. 2022 жылдан бастап су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны 396-дан 229-ға дейін қысқарды».

2025 жылы 582 су өткізу құбыры қойылды: оның 162-сі реконструкциялау шеңберінде, 54-і күрделі жөндеу кезінде және 366-сы орташа жөндеу кезінде орнатылды. 2026 жылы тағы 200-ге жуық құбырды жөндеу жоспарлануда. Бес көпірге күрделі жөндеу жүргізілді: төртеуі – Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен – Рахман қайнары» автожолында және біреуі – Қостанай облысындағы «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» жолында.

Төлеген Абдуллиннің сөзінше, «су тасқыны кезеңіне жолдарды қорғау үшін 86 мың текше метрден астам материал дайындалды: 16 мың текше метр құм, 23 мың текше метр құм-қиыршық тас қоспасы, 40 мың текше метр бут тасы және 5 мың текше метр қиыршық тас. Сондай-ақ 280 мың қап  дайындалды. Жедел әрекет ету үшін 2 мыңнан астам техника дайын тұр».

Дайындық жұмыстар жергілікті маңызы бар жолдарда да жүргізілуде. Қазіргі таңда шамамен 280 су тасқыны қаупі бар учаске ерекше бақылауда, қажетті инертті материалдар мен қаптар дайындалған, 3 мыңға жуық техника бірлігі жұмылдырылған. Су өткізу құрылыстарын тазалау және қауіпті учаскелерді дайындау жұмыстары жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдар #су тасқыны #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);