AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жер сағаты: 28 наурызда Қазақстан бойынша "жарық с...

Жер сағаты: 28 наурызда Қазақстан бойынша "жарық сөнеді"

Әлем 27.03.2026, 14:15 455 Дина
Жер сағаты: 28 наурызда Қазақстан бойынша "жарық сөнеді"

28 наурызда Қазақстанда халықаралық «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтеді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Экологиялық бастама сенбі күні кешкі сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында тұрғындар жарық пен электр құрылғыларын бір сағатқа өшіруге шақырылады.

«Жер сағаты» акциясы алғаш рет 2007 жылы Австралияның Сидней қаласында ұйымдастырылған. Қазір бұл бастама әлемнің 180-нен астам елінде өтіп, табиғатты қорғау мәселесіне қоғам назарын аударуға бағытталып отыр.

Мамандардың айтуынша, бір сағатқа жарықты өшіру экологиялық түйткілдерді бірден шешпейді. Дегенмен бұл қоғамның қоршаған ортаға жауапкершілігін күшейтіп, энергияны үнемді пайдалануға үндейді.

Алматы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, акцияға қаладағы ондаған сауда және коммерциялық нысан қосылады. Олардың қатарында Dostyk Plaza, Forum, Atakent Mall, Asia Park, Moskva Metropolitan, Mega Almaty, Almaty Mall, Grand Park, Sputnik Mall, ЦУМ және басқа да ірі сауда орталықтары бар.

Сондай-ақ акцияға бірқатар сауда үйлері, сауда кешендері мен «Көк базар» да қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Бүгін 22:31

Елзат Ескендірдің «Әбілі»: өтпелі кезеңнің көркем келбеті

Бүгін 21:33

«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына Президенттің БАҚ саласындағы Алғысы берілді

Бүгін 18:46

Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады

Бүгін 18:31

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды

Бүгін 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);