AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Жақында Алматы-1 вокзалы ашылады

Жақында Алматы-1 вокзалы ашылады

Алматы Бүгін 14:05 27
Жақында Алматы-1 вокзалы ашылады
видеодан алынған кадр

Бүгін вокзал ғимаратын тазалау жұмыстары басталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев вокзалға барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, өзінің инстаграмдағы парақшасында нысанның қазіргі жағдайын көрсететін бейнежазба жариялады.

Кадрлардан ғимараттың сыртқы бөлігі негізінен дайын болғанын, ал ішінде соңғы әрлеу жұмыстары қалғанын көруге болады.

Әкім орынбасарының айтуынша, қала тұрғындары вокзалдың қайта ашылуын асыға күтіп отыр.

Мердігер компанияның мәліметінше, ғимаратқа қажетті жиһаз толық жеткізілген. Қазір оны жинақтау жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар вокзал ішінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының музейі мен капсулалық қонақүй ашу көзделген. Лифтілер мен эскалаторлар да іске қосылған.

Нысанның сыртындағы аумақта да жұмыстар аяқталуға жақын. Атап айтқанда, аумақты абаттандыру, гранит төсеу және пойыздар кестесі көрсетілетін ақпараттық экран орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нысанды аралау кезінде Алмасхан Сматлаев ғимараттың безендірілуі мен көшедегі жарықтандыруға қатысты бірқатар ескерту жасады. Сондай-ақ вокзалдың алдағы уақытта базарға айналып кетпеуін қадағалап, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін арттыру қажеттігін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы теміржол вокзалы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Көрнекі ақпарат – көркем тіл» қалалық байқауы өтті

Бүгін 13:08

Елімізде тұңғыш рет балалардағы күрделі қан тамырлары ауруларын емдейтін әдіс енгізілді

Бүгін 12:20

Олжас Бектенов Халықаралық велосипедшілер одағының басшысы Давид Лаппартьенмен елімізде велоспортты дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 11:45

Алматыда 13 жас дарын иесі идеясын жүзеге асыру үшін бір миллион теңгеден грант алды

Бүгін 11:42

Алматы жаңбырдан кейін де қалыпты жұмыс ырғағын сақтады

Бүгін 11:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);