Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: бүгін ауа райы қандай...

Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: бүгін ауа райы қандай болады?

Мұны білген жөн Бүгін 08:34 17
Жаңбыр, көктайғақ пен тұман: бүгін ауа райы қандай болады?
depositphotos.com

Қазгидромет 25 ақпанда елдің бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте түнде және күннің соңында жаңбыр жауады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Қонаевта кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, облыстың орталығында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 25 м/с. Қызылордада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын жүреді. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын жүреді. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстіқ-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #болжам #Синоптиктер болжамы #Қазгидромет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Кувейт әмірін құттықтады

Бүгін 09:46

Алматылық гимнаст Нариман Құрбанов Әлем кубогының жүлдегері атанды

Бүгін 09:29

Астанаға Сербия президенті келеді

Бүгін 09:13

Алматыда дәрігерлер жол апатына ұшыраған науқасты аяғына тұрғызды

Бүгін 09:08

Атырау облысында жоғалған бүтін бір отбасыға қатысты күдікті Индонезияда ұсталды

Бүгін 08:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі