Бүгін Алматы қаласында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Алып шаһардың әр ауданындағы сайлау учаскелері жұмысын таңнан бастап, қала тұрғындарының өз таңдауларын жасауына мүмкіндік молынан болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бүгінгі жексенбі түрлі жастағы алматылықтардың басын сайлау учаскелерінде қосты. Азаматтық ұстанымдарын білдірдіруге келген аға буын өкілдері, жастар, қоғам қайраткерлері мен мәдениет саласының өкілдері де сайлау науқанына белсене қатысты.
Сайлау күнінің маңызды сәттерін фоторепортаж арқылы назарларыңызға ұсынамыз.
1. Таңмен таласа ашылған учаскелер

29 қараша күні Алматыдағы сайлау учаскелері таңертең жұмысын бастады.
2. Әр азаматтың таңдауы маңызды

Сайлау учаскелеріне келген алматылықтар белгіленген тәртіппен тіркеуден өтіп, дауыс беру кабиналарына бет алды.
3. Аға буынның азаматтық ұстанымы

Сайлау күні аға буын өкілдері де белсенділік танытты. Өмірлік тәжірибесі мол азаматтар үшін дауыс беру – елдің қоғамдық-саяси өміріне араласудың маңызды көрінісі.
4. Жастар таңдауы

Жастардың сайлауға қатысуы – қоғамның болашағына деген көзқарасын білдіретін маңызды көрсеткіш. Алматының 2 574 тұрғыны бүгін өмірінде алғаш рет дауыс берді. Олар 18 жасқа толып, сайлау құқығын алғаш рет пайдалану мүмкіндігіне ие болған жастар.
5. Ғылым және өнер өкілдері де дауыс берді


Сайлауға мәдениет, өнер, ғылым және спорт саласының өкілдері де қатысты.
6. Сайлау барысын бақылау

Сайлау процесінің ашықтығы мен заң талаптарына сәйкес өтуі бақылаушылардың жіті назарында болды.
7. Денсаулығына байланысты үйден дауыс бергендер


Сайлауға қатысуға ниетті, бірақ денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтарға үйде дауыс беру мүмкіндігі ұсынылды. Дауыс беру орнына барып-қайту үшін «Инватакси» қызметі ұйымдастырылды. Сайлау күні барлығы 170 көлік жұмылдырылды.
8. Сайлау және қала тіршілігі
Бұл күні Алматының барлық ауданында сайлау учаскелерінің маңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
9. Мәдени іс-шаралар мен мерекелік көңіл күй

Бірқатар сайлау учаскесінде тұрғындарға арналған мәдени және танымдық іс-шаралар өткізілді.
10. Алматыдағы сайлаушылар белсенділігі

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 29 қараша күні сағат 20:00-дегі жағдай бойынша Алматыда сайлаушылардың ... пайызы дауыс берген.