конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ барша ата-ана мен ұст...

Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ барша ата-ана мен ұстаздарға үндеу жолдады

Заң мен тəртіп Бүгін 16:02 45
Жаңа оқу жылы қарсаңында ІІМ барша ата-ана мен ұстаздарға үндеу жолдады
Polisia.kz

Балалардың қауіпсіздігі – баршаға ортақ міндет, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оқу жылы басталғанда балалар үйден тыс жерде көбірек уақыт өткізеді. Мектепке өздері барып-қайтады, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады. Сондықтан ІІМ жолдағы қауіпсіздік ережелерін тағы да еске салады.

Жаңа оқу жылына барлық мектептің маңындағы жол қауіпсіздігіне бағытталған жұмыстар жүргізілді. Балаларды тасымалдайтын автобустар да толық тексеруден өтті. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті нұсқамалар берілді. Олар оқу жылы басталғанға дейін жойылады.

ІІМ ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады. Балаларға жолды тек белгіленген жерден кесіп өту, жолдан өтер кезде телефонды пайдаланбау және құлаққапты шешу, айналаға мұқият қарау қажеттігін ескертеді. Велосипед, мопед немесе электросамокат мінген кезде Жолда жүру қағидаларын сақтау маңызды.

Ата-аналарға баласының қайда жүргенін, кіммен араласатынын біліп жүру және балалармен жиі сөйлесу ұсынылады. Бала қиын жағдайға тап болған кезде ата-анасынан қорған табатынына сенімді болуы керек.

Егер балаға қауіп төніп тұрса, ІІМ "102" нөміріне немесе "111" байланыс орталығына хабарласуға шақырады.

Ішкі істер министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Ведомствоның атап өтуінше, ортақ міндет – қауіпті жағдайлардың алдын алып қана қоймай, балаларға қауіп-қатерді дер кезінде танып, көмек сұрауды үйрету.

Полиция барша ата-ананы балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Заң мен тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 16:36

Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды

Бүгін 16:15

Депутаттар Құрылтай Төрағасының орынбасарларын сайлады

Бүгін 16:10

Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Курчатовта не өзгерді

Бүгін 15:56

Алматыда Шевченко мен Байзақов көшелерінің қиылысында инженерлік желі тарту жұмыстары басталады

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);