AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жалған ақпарат жарға жығады

Жалған ақпарат жарға жығады

Әлеумет Бүгін 11:53 37
Жалған ақпарат жарға жығады
Pexels.com

JAQ.OrtCom 2026 жылғы 10-20 қыркүйек аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығын ұсынады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Фейк: Қазақстан азаматтарына бір миллион пәтерді тегін беріледі

 JAQ.OrtCom ресми мәлімдемесі:

 Қазақстан азаматтарына бір миллион пәтерді тегін беру жоспарланып жатқаны туралы таралып жатқан видеоролик шындыққа сәйкес келмейді.

 JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда бұған дейін де бірнеше рет кездескен манипуляция тәсілі қолданылған: шынайы бейнекадрлар жалған хабарламаны тарату үшін пайдаланылған. Танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысының қолданылуы жалған материалға ресми сипат беріп, оның шынайы ақпарат екеніне сендіруге бағытталған. Мұндай тәсілдің мақсаты - аудиторияда бұл мәлімдеме мемлекеттік органдардан немесе елдің жоғары лауазымды тұлғаларынан тараған деген әсер қалыптастыру.

Фейк: Қазақстан мектебінде самокатпен жүрген оқушы туралы видеоролик

JAQ.OrtCom ресми мәлімдемесі:

Таралып жатқан видеороликтің Қазақстан мектептеріне қатысы жоқ. Тексеру нәтижесінде видеоның көршілес елде түсірілгені анықталды. Бұған роликтегі визуалды белгілер, сондай-ақ түпнұсқа жарияланымды орналастырған аккаунт туралы деректер дәлел болады.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда дезинформаторлар ақпараттық күн тәртібін бір жағдайдан екіншісіне көшіру тәсілін қолданған: шетелде түсірілген видеороликке Қазақстанға қатысты жалған географиялық байланыс беріліп, соның негізінде еліміздегі жағдай туралы негізсіз қорытындылар жасалған. Осылайша, басқа елдегі жергілікті оқиға Қазақстанның білім беру жүйесіне қатысты эмоциялық сипаттағы жасанды ақпараттық себепке айналдырылған.

Фейк: Зайсан ауданында «Көк кит» ойынының салдарынан мұғалім қаза тапты деген ақпарат

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми теріске шығаруы:

Қаза болған адамның мұғалім болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ тексеру барысында болған оқиғаның «Көк кит» деп аталатын ойынмен байланысы анықталған жоқ.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Болған оқиға туралы ақпаратқа қаза болған адамның жеке басына қатысты расталмаған мәліметтер және оқиғаның «Көк кит» деп аталатын ойынмен байланысы туралы болжам қосылған. Қайғылы оқиғаны бұрын қоғамда резонанс тудырған оқиғамен байланыстыру қосымша ақпараттық себеп қалыптастырады, өзектілігін жоғалтқан тақырыпты қайтадан қоғамдық күн тәртібіне шығарып, болған жағдайға қатысты алаңдаушылықты күшейтеді.

Фейк: Қаржы министрі Мәди Такиев инвестициялық қызметке лицензия берді деген ақпарат - жалған

ҚР Қаржы министрлігінің ресми теріске шығаруы:

Қаржы министрлігі қаржы нарығындағы брокерлік, дилерлік, инвестициялық және өзге де кәсіби қызмет түрлерін лицензиялайды. Тиісті лицензияларды беру, инвестициялық компаниялар мен брокерлердің қызметін тіркеу және бақылау уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатады.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мемлекеттік орган басшысының есімі мен берілді деген лицензия туралы мәлімет алаяқтық ұсынысқа ресми сипат беру үшін пайдаланылған. Мұндай схема әлеуетті инвесторлардың сенімін арттыруға бағытталған және азаматтарды қажетті рұқсаттары жоқ ұйымдарға ақша аударуға немесе дербес деректерін беруге итермелеуі мүмкін.

Фейк: Шымкентте полиция қызметкері әкімшілік хаттамаға жүргізушінің орнына қол қойған

Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми теріске шығаруы:

 Полиция қызметкерінің жүргізушінің орнына өз бетінше қол қойғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Әкімшілік хаттама белгіленген тәртіппен рәсімделген.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Рәсімде көзделген қол қоюдан бас тарту туралы белгі полиция қызметкерінің жүргізушінің орнына қол қоюы ретінде көрсетілген. Әкімшілік хаттаманы рәсімдеу барысында қойылған белгі контекстен алынып, лауазымды тұлғаны құқыққа қайшы әрекет жасады деп айыптауға негіз болған. Мұндай интерпретация мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты теріс көзқарас қалыптастыруы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 12:30

Алматының Алатау ауданында өндіріс көлемі 743,8 млрд теңгеге жетті

Бүгін 12:29

Астанада AI Month шарасына Дженсен Хуанг қатысады

Бүгін 12:15

Алматыда 2030 жылға дейін миллион түп ағаш егіледі

Бүгін 12:05

Алматыда Көктөбе аумағы толықтай жабылады

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);