AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Зейнеткер алаяққа алданып, жарты млн теңгесінен ай...

Зейнеткер алаяққа алданып, жарты млн теңгесінен айырылды

Заң мен тəртіп 02.08.2024, 11:12 1,076 Bakyt
Зейнеткер алаяққа алданып, жарты млн теңгесінен айырылды
Сурет: exk.kz

Шымкенттің 90 жастағы тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, жарты миллион теңгесінен айырылып қалды. Қарт кісіге белгісіз тұлға қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, келіні жол-көлік оқиғасын жасағанын хабарлаған. Алаяқ мәселені белгілі бір сомамен шешуге болатынын және зейнеткерден ол ақшаны курьер алып кететіндігін айтқан. Туысына көмектесу үшін қарт ана алаяқтарға барлық жинап-терген қаражатын, яғни жарты миллион теңгесін беріп жіберген.

Іздестіру іс-шараларының барысында тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен жәбірленушінің үйінен қолма-қол ақшаны алу үшін келген тұлғаны анықтап, ұстады. Ол 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Өз жауабында ұсталған ер адам мессенджер арқылы алған нұсқауға сәйкес әрекет еткенін жеткізді. Алған ақшаны белгілі бір шотқа аударуға келіскен ол шартты орындамай, алаяқ “жұмыс берушісін” алдап кеткен екен.

Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғаушылар азаматтарға алаяқтықтың осы түрі туралы еске салады.

Полиция қызметкерлері азаматтарды алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады:

  • Алаяқтар өздерін полицейлер ретінде таныстырып, туысыңыздың қиындыққа тап болғанын хабарлап, мәселені белгілі бір ақша қаражаты шешетінін айтуы мүмкін. Мұндай жағдайда бірден полицияның “102” нөміріне қоңырау шалып, ақпаратты тексеріңіз.
  • Үрейленбеңіз, әсіресе бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз.

Бұл жағдай азаматтарды сақ болуға және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады. Құқық қорғау органдарының ескертулерін ескеріп, күдікті жағдайларда дереу полицияға хабарласу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнеткер #полиция #құқық қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49

Алматы полициясы жасөспірімдерді есірткі саудасынан сақтандырды

Бүгін 15:42

Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді

Бүгін 15:39

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Бүгін 15:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);