конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Зейнетақы жинағын жеке компанияға аударғанда нені...

Зейнетақы жинағын жеке компанияға аударғанда нені ескеру керек?

Әлеумет Бүгін 17:15 62
Зейнетақы жинағын жеке компанияға аударғанда нені ескеру керек?

7 қыркүйектен бастап қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын жеке қорларға аудара алады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сарапшылар асығыс шешім қабылдамауға кеңес береді. Алдымен компаниялардың ұсыныстарын зерттеп, олардың табыстылығы мен тәуекелдерін салыстыру қажет.

Зейнетақы жинағын жеке компанияға БЖЗҚ сайты арқылы аударуға болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Басқарушыны таңдау қиынырақ. Сайтта компанияларды, олардың портфельдері мен табыстылығын салыстыру мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда көпшілігінің табыстылығы инфляциядан сәл ғана жоғары.

Жинағы аз салымшылар үшін мемлекеттік қордан жеке қорға ауысудың әсері мардымсыз болуы мүмкін.

"Барлық жұмыртқаны бір себетке салмау керек деген сөз бар. Мен әртүрлі қорлар арасында таңдау жасауға, бәлкім жинақтың бір бөлігін БЖЗҚ-да қалдыруға кеңес берер едім. Егер басқару немесе табыстылық көңілден шықпаса, қаражатты БЖЗҚ-ға қайтаруға болады. Ең алдымен, компанияның қалай жұмыс істейтініне және қаражатты қайда инвестициялайтынына назар аудару керек", - деді сарапшы Меруерт Махмұтова.

Зейнетақы жинағын басқаруда жоғары табыстылық қана емес, тұрақтылық та маңызды. Сарапшылар жеке басқарушылар консервативті және тұрақты стратегиядан бастап, табысы жоғары, бірақ тәуекелі де көп әртүрлі нұсқаны ұсынады деп болжайды. Сондықтан шарттар мен келісімшартты мұқият оқып шығу қажет.

"Пайызға емес, брендке және тұрақтылыққа қараңыздар. Олардың портфелін, яғни қаражатты қайда салатынын көруге ерінбеңіздер. Егер олар "Біз Apple, Tesla, Google-ге саламыз, бәрі жақсы болады" десе, бұл – алдау. Ертең зейнетке шыққанда жеке ұшақпен ұшасыздар деген – жарнамалық айла", - деді қаржыгер Расул Рысмамбетов.

Басты сұрақ: зейнетақы жинағын жеке басқарушыға сеніп тапсыру қаншалықты қауіпсіз? Қаржыгерлердің айтуынша, зейнетақы активтері нарығы қатаң реттеледі. Ақшаны жоғалту қиын, бірақ табыстылық күткеннен төмен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда басқарушыны ауыстыруға болады.

Тағы бір маңызды мәселе – комиссия. Заң бойынша жеке басқарушы алынған инвестициялық табыстың 7,5 пайызына дейін комиссия ұстауы мүмкін. Сондықтан компания таңдағанда тек уәде етілген табысқа емес, салымшының қолында қанша ақша қалатынына да назар аударған жөн.

7 қыркүйектен бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке басқарушыларға толық аудара алады. Алайда бұл жаңа мүмкіндікпен бірге Қазақстанда жинақтарды қорғайтын ескі механизм алып тасталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зейнетақы жинақтары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Бүгін 18:13

Ресейден келген халықаралық байқаушы Қазақстандағы сайлаудың ақпараттық сүйемелдеу жағы жоғары деңгейде болғанын айтты

Бүгін 16:16

Құрылтай сайлауы заң талаптарына сай өтті – «Халық үні» байқаушылары

Бүгін 16:13

Дауыс беру ашық әрі заңнама талаптарына сай өтті – «Ел Дауысы» байқаушылары

Бүгін 16:10

Толтырылған бюллетеньді жариялаған алматылық жауапқа тартылды

Бүгін 16:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);