AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Зейнетақы төлемдерін баспана үшін пайдалану ережел...

Зейнетақы төлемдерін баспана үшін пайдалану ережелері өзгеруі мүмкін

Нарық 18.09.2021, 09:41 1,825
Зейнетақы төлемдерін баспана үшін пайдалану ережелері өзгеруі мүмкін
Cурет: Egemen.kz

Біржолғы зейнетақы төлемдерін мына мақсаттармен пайдалануға жол беріледі.


Қазақстанда тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары туралы министрдің бұйрығына өзгерістер жобасын дайындады.


Ведомство ұсынып отырған құжатта тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін мына мақсаттармен пайдалануға жол берілетіні айтылған:


• тұрғын үйді сатып алу-сату, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша (ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемей) тұрғын үйді меншікке сатып алуға байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша түпкілікті есеп айырысу;
• бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғынжайды және (немесе) тұрғынжайды сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу, бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізе отырып, тұрғынжайды және (немесе) тұрғынжайды сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу, ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру үшін бастапқы жарнаны енгізу;
• Қаражат жинақтау, алу, берешекті ішінара немесе толық өтеу, тұрғын үй сатып алу (оның ішінде бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу), жеке тұрғын үй салу (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымдарға аудару;
• Ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үй сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу;
• тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген тұрғын үйді жекешелендіру, төлеу мерзімін ұзарта отырып сатып алу-сату, сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша ішінара немесе толық өтеу;
• оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын тарта отырып, сондай-ақ осындай ипотекалық тұрғын үй қарызын немесе қайта қаржыландырылған ипотекалық тұрғын үй қарызын ішінара немесе толық өтеу үшін жеке тұрғын үй салу (меншігінде нысаналы мақсаты бар жер учаскесі болған кезде – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық);
• ипотекалық тұрғын үй қарызын ресімдемей, кейіннен тұрғын үйді пайдалануға беру туралы актіні бере отырып, сатып алу-сату, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша жер учаскесін меншікке сатып алу (нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық);
• жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен тіркеген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша, оның ішінде қарыздар алу және бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторы кепілдік берген салынып жатқан объектіде тұрғын үй сатып алуға осындай қарыздар бойынша міндеттемелерді төлеу үшін тұрғын үйдің (пәтердің) құнын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
Бір жолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы осы ережеде көзделген мақсаттарға жеткіліксіз болған жағдайда, өз қаражатын пайдалануға болады.


Алушы осы қағидалардың 5-тармағының 6), 7), 8), 9) тармақшаларда көзделген мақсаттар бойынша біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растау үшін жеке кабинетте қаражат аударылған күні ЭЦҚ-мен немесе уәкілетті оператордың ішкі құжатымен белгіленген өзге де электрондық тәсілмен куәландырылатын, тіркеуші органда алушыға меншік құқығын тіркеу жөніндегі құжатты ұсыну туралы міндеттемеге қол қояды.


Біржолғы зейнетақы төлемдері осы қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген мақсаттар бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұзу нәтижесінде пайдаланылмаған жағдайда, біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы 10 (он) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дағы шотқа қайтарылуға жатады.


Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты алушының (өтініш берушінің) жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылмайтын үшінші тұлғаның пайдасына беруге жол берілмейді.


Біржолғы зейнетақы төлемдерін алушының жұбайынан (зайыбынан) және олардың жақын туыстарынан, сондай-ақ алушының (өтініш берушінің) жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдалануға жол берілмейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #зейнетақы #төлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);