AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өст...

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсті

Әлеумет 18.01.2023, 11:17 1,304
Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсті
Сурет: Caspiantoday.kz

Еліміздегі ең төменгі еңбекақының мөлшері 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге көтерілуіне байланысты Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегі тағы өсті.


Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовтың жолдаған жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 



«Ең төменгі жеткіліктілік шегінің негізгі міндеті – еңбекке қабілетсіз жастағы азаматтардың тыныс-тіршілігі үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті деңгейін қамтамасыз ету және Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарын ескере отырып, олардың ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Осыған байланысты зейнетақы жүйесі азаматтардың зейнетақы жинақтарының көлемін төменгі жеткілікті шектен кем емес мөлшерде жинақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Ол шаманы анықтау зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін айқындау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады», - деп жазды Ғ. Пірматов.



Ал ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу кезінде қолданылатын көрсеткіштердің бірі – азаматтардың өмір сүру деңгейінің ең төменгі стандартын қамтамасыз етуге арналған ең төменгі жалақы мөлшері.



«2022 жылы төменгі жеткілік шегінің өсуіне төменгі еңбекақы мөлшерінің айтарлықтай өсуі (42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін) әсер етті. Сонымен қатар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап төменгі еңбекақы мөлшері 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін ұлғайтылады. Бұл 2023 жылға белгіленген төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшеріне де әсер етті», - делінген Ұлттық банк басшысының жауабында.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #жеткілікті шегі #жинақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);