AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома шегі төменд...

Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома шегі төмендемейді

Әлеумет 30.06.2025, 12:35 865
Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома шегі төмендемейді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін белгіленетін жеткілікті шек жөнінде айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жеткілікті шек туралы нақтырақ мәлімет алу үшін Жақыпова журналистерге уәкілетті орган мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) жүгінуді ұсынды. Дегенмен, жеткіліктілік шегін төмендету қажет пе деген сұраққа жауап берді.

“Бүгінгі таңда біз зейнетақы жинақтары бойынша қартаю кезеңінде лайықты өмір сүруді қамтамасыз етуге бағытталғанын жақсы түсініп отырмыз. Жинақтарды тым ерте жаста шешіп алу болашақта, яғни терең қартайған кезде, олардың құндылығының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сондықтан дәл қазіргі уақытта бұл қадамға бару орынды емес шығар”, – деді министр.

2024 жылдың желтоқсанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарын пайдалануға арналған жеткілікті шек өзгермейтінін және 2023 пен 2024 жылдағыдай қалатынын хабарлаған болатын. Ол жас ерекшелігіне байланысты 3 миллионнан 10 миллион теңгеге дейін белгіленген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #шек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);