AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Заңгер Әділетхан Молдахан өзіне тағылған айыпты м...

Заңгер Әділетхан Молдахан өзіне тағылған айыпты мойындады

Заң мен тəртіп Бүгін 09:05 20 yakiya
 Заңгер Әділетхан Молдахан өзіне тағылған айыпты мойындады
инстаграм

Әділетхан Молдахан өзіне тағылған айыпты мойындады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

Заңгерге ҚР Қылмыстық кодексiнің 274-бабы бойынша (Көрінеу жалған ақпарат тарату) айып тағылып отыр. Алмалы аудандық сотында өткен процесті журналистер бөлек бөлмеден бақылады. Бұл істе судья – Ерлан Қасымбек, ал прокурор – Ұлжан Әбдірманова.

Жәбірленуші Алматы қаласының бұрынғы Полиция департаментінің басшысының орынбасары Ержан Ұзабаев пен Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының басшысы болған Серік Шұмаев.

Сотта Молдахан тағылып отырған айыпты толық мойындайтынын айтты. Оның қорғаушылары Молдаханға қатысты сот ісін кейінге қалдыруға, яғни тараптардың медиациялық әрі процессуалдық келісімге келуіне қатысты және күдіктіні ұйқамаққа шығару туралы өтінішхат берілді. Алайда қорғау тарапы соңғы өтінішхатты судьяның шешіміне қалдырса, прокурор қарсы екенін бірден айтты.

Жәбірленуші Ұзабевтың адвокаты Асылбек Әбдіраимов сотта 10 млн моралдық өтемақы және 1 млн сот шығындарына талап арыз берді.

«Сотталушы өзінің қылмыстық құқықбұзушылығын толықтай мойындады. Сол үшін сот процесі қысқартылған түрде өтсін деп өтініш-талап берілді. Біз оған қарсылық білдірмедік, соттың қарауына қалдырдық. Қысқартылған түрде дегеніміз іс бойынша дәлелдемелерге сотталушы қарсылығы жоқ әрі куәлерден жауап алуды қажет етпейді. Ол туралы өтініш талап келесі сот процесінде қаралады. Біз бұлтартпау шарасына қатысты өтініш-талапқа қатысты қарсылық білдірмедік соттың қарауына қалдырдық. Медиацияға келуге қатысты біз әлі шарттарды білмейміз, ол туралы сұрақ ашық қалды. Тағылған айып бойынша кінәсі дәлелденсе, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылу немесе 3000 АЕК айыппұл салынуы мүмкін», – деді Әбдіраимов.

Судья Қасымбек жоғарыда айтылған өтінішхаттарды қарауға кеңесу бөлмесіне барып келген соң үйқамаққа қатысты өтіншхаты қанағаттандырылмағанын айтты. Ал процессуалдық келісімге қатысты өтінішхат прокуратураның қаралуына жіберілді. Тараптардың медиациялық келісімге келу сұрағы ашық қалды.

Әділетхан Молдахан мен оның қорғаушылары іске қатысты журналистерге пікір білдіруден бас тартты.

Әділетхан Молдахан атышулы Әл-Фараби даңығылында болған жол-көлік апатының төңірегінде резонастық мәлімдемелер жасаған еді. Ол апатқа кінәлілер шенеуніктердің балалары болуы мүмкін екенін және заңсыз түнгі жарыстарға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы барын алға тартқан еді. Осыдан кейін Алматы қалалық Полиция департаменті блогерді (Көрінеу жалған ақпарат тарату) деген күдікпен наурыз айының соңында уақытша ұстау изоляторына қамаған еді.

Келесі сот отырысы 16 маусымға белгіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заңгер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласының қаржы нарығындағы жағдай туралы

Бүгін 09:43

Танымал бейнероликтің кейіпкері үш жасар Әміреге Мемлекет басшысының Алғыс хаты табыс етілді

Бүгін 09:26

Алматыда Балаларды қорғау күніне орай жеті жаңа балабақша ашылады

Бүгін 09:22

2 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:32

Тарихи жады және ядролық қарусыз әлем: Сенатор Б. Жексенбай Токиода Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Кеше 21:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);