конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Заңға қайшы 5700-ден астам интернет-ресурс бұғатта...

Заңға қайшы 5700-ден астам интернет-ресурс бұғатталды

Әлеумет 28.12.2021, 11:53 1,254
Заңға қайшы 5700-ден астам интернет-ресурс бұғатталды
thecheapaccountants.com

Қазақстанда заңға қайшы келетін 5700-ден астам интернет-ресурс бұғатталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Біз Интернет желісіне заңға қарсы іс-әрекеттерді, балаларды азғыру, суицидтік ойындар, бұзушылықтар мен қатыгездікке шақыру және жалған ақпаратты таратумен байланысты ақпаратты анықтау бойынша үнемі талдау жүргізіп отырамыз. Жыл басынан бері 7300 шетелдік интернет-ресурстар анықталды, оның ішінде порнография, есірткі қылмысы, интернет-казино қызметі, қаржы пирамидалары және басқа да алаяқтық схемалар, қатыгездік пен суицидті насихаттау, қару-жарақ сату және басқалары бар. Олардың мәліметтері Қазақстан аумағынан кіруді бұғаттау үшін кибербақылаудың ақпараттық жүйесіне енгізілген. Қазіргі уақытта 5 736 ресурс бұғатталды, қалғандары тексеру сатысында тұр», - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің киберқылмыспен күрес орталығы бастығының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев Мәжіліс комитетінің отырысында. Ол балалар мен кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды анықтауға ерекше назар аударылатынын атап өтті.




«Бірнеше мысал келтірейін. 2020 жылы мониторинг барысында біз кәмелетке толмаған қазақстандықтарға қатысты суицидтік сипаттағы топ туралы ақпарат алдық. Жедел іздестіру нәтижесінде әлеуметтік желілерде осындай топтар құрған Арыс қаласының тұрғыны ұсталды. Осылайша «Жасыл мысық» ойынындағы 21 тапсырманы орындау керек болған. Соңғы тапсырма зиянды сұйықтықтарды қолдану, биік ғимараттан секіру және т.б. арқылы суицид жасау болған. Ойын салдарынан ШҚО-ның 14 жастағы тұрғыны зардап шеккен. Қылмыс анықталған кезде ол 14 тапсырманы орындаған еді. Осы жылдың наурыз айында аудандық сот күдіктіні 4 жылға бас бостандығынан айырды», - деді Рүстем Дүйсетаев.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Киберқылмыс #полиция #интернет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада 21 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Бүгін 14:10

Алматыда Үшкемпіров көшесінің аумағында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

Бүгін 12:44

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,3%-ға өсті

Бүгін 12:20

Сандардағы Таза Қазақстан: көрінетін нәтижелер

Бүгін 12:17

Мақсат – тыйым салу емес, денсаулықты қорғау

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);