Мерекелік безендіруді қаланың бірнеше аумағынан көруге болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айтулы дата қарсаңында елорда көшелеріне мемлекеттік тулар мен тақырыптық баннерлер ілініп, ғимараттардың қасбеттері мен LED-экрандарда мерекелік бейнелер көрсетіле бастады.
Мерекелік безендіруді қаланың бірнеше аумағынан көруге болады. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған тақырыптық бейнероликтер қалалық 3D LED-экранда, шолу дөңгелегінде, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратының қасбетінде және басқа да нысандарда көрсетіліп жатыр.
Мерекелік шараларға елорданың сауда орталықтары да атсалысуда. Олардың ішкі LED-экрандарынан Қазақстан тәуелсіздігіне арналған бейнероликтер көрсетілуде.
Айта кетейік, 2026 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді.