AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Заң және тәртіп: Қазақстанда қылмыстар санының 13%...

Заң және тәртіп: Қазақстанда қылмыстар санының 13%-ға төмендеуі тіркелді

Әлеумет 29.08.2025, 10:21 665 Bakyt
Заң және тәртіп: Қазақстанда қылмыстар санының 13%-ға төмендеуі тіркелді
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі шаралар оң нәтижесін беруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және басқа да тапсырмаларын орындау шеңберінде Ішкі істер министрлігі қылмысқа қарсы күресті күшейтіп, қауіпсіз қала және ауылдық ортаны қалыптастыруға күш салып отыр.

Қазіргі таңда күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Ел бойынша 15 мыңнан астам патрульдеу маршруттары әзірленіп, барлық проблемалық аймақтар қамтылды. Бұл қылмыстардың алдын алуға және құқық бұзушылықтардың қайталануын азайтуға мүмкіндік берді.

  • Биыл қоғамдық орындар мен көшелерде құқық бұзушылықтар саны азайды.

  • Бұрын сотталғандар тарапынан жасалатын қылмыстар төмендеді.

  • Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам қылмысты ашты,

  • Сондай-ақ 10 миллионға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың айтуынша, қабылданған шаралар арқасында елдегі қылмыстар саны 13%-ға қысқарған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мың қылмысқа аз деген сөз.

— «Біздің жұмыстың негізі – "Заң және тәртіп" қағидаты. Алдын алу шараларының нәтижесінде кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, бұзақылық, ұрлық және мал ұрлығы сияқты ауыр қылмыстар азайды. Бұрын сотталғандар жасайтын қылмыстардың, сондай-ақ қарумен жасалатын құқық бұзушылықтардың саны төмендеді. Сонымен қатар қылмыстардың ашылу көрсеткіші жақсарды», — деді министр.

Жалпы, қылмыс деңгейінің төмендеуі құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысының нәтижесі болып отыр. Бұл азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамда заңға деген сенімді арттыруға және «Әділетті Қазақстан» құруға бағытталған нақты қадамдардың бірі саналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ержан Сәденов #полиция #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);